Алғыс хат

13 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

АЛҒЫС ХАТ

Құрметті Бауыржан Кыпшақұлы, біздің астанамыз Нұр-Сұлтан қаласының өркендеуіне қосқан үлесіңіз үшін және кәсібилік пен жеделдік үшін Сізге және Байқоңыр ауданы прокуратурасына, атап айтқанда аудан прокуроры Мизанбаев Болат Өсерұлына, бөлім бастығы Жаманов Сұлтанбек Каргелдинұлына, сондай-ақ бөлім прокуроры Калыков Вадим Нұрмаханұлына азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіремін.

Прокуратура тарапынан ауыр және аса жауапты қызмет атқару барысында көрсетілген кәсібилік пен адал қызметтің арқасында маған қатысты заңсыз қозғалған сотқа дейінгі тергеп-тексеру іс құжаттарын зерделеу нәтижесінде Қазақстан Республикасының ҚПК заңнамасының негізінде тоқтату туралы процестік шешім қабылданып,  іс тоқтатылды.

Ерекше алғысымды Мизанбаев Болат Өсерұлына, Жаманов Сұлтанбек Каргелдинұлына, Калыков Вадим Нұрмаханұлына білдіремін. Біздің еліміз адамдардың қайғылары мен мәселелеріне ортақтасып, өз азаматтарын жан-жақты қорғауға дайын, олардың бойына заңның үстемдігі мен әділдікке деген сенімді ұялататын өз ісінің мамандарымен мақтануға тиіс.

 

                            Құрметті Бауыржан Кыпшақұлы!!!

 

         Сізден жоғарыда аталған барлық прокуратура қызметкерлеріне алғыс жариялауыңызды және менің жылы ықыласты тілектерімді әр прокурордың атына жеткізуіңізді сұраймын. Сізге үлкен рақмет, әрқайсыңыздың отбасыларыңызға бейбітшілік пен амандық тілеймін.

                    Құрметпен және алғыспен,

                        А.В. Кабилянский.

                                                                               

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу