Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 38712
    Дата: 05.01.2018 18:47:17
    Аты-жөні: Зулпыхар Жандос
    Сұрақ:
    Сәлеметсіздер ме! Мен 2013 жылы Астана қаласындағы "Тамаша үй" Тұрғын үй құрылыстық компаниясына пәтер алу үшін үлескер ретінде келісім шартқа отырып, осы шарт бойынша 1 бөлмелі пәтердің ақшасын несие алып, толық төледім. Тұрғын үй жоспар бойынша 2015 жылы берілу керек болатын. Алайда, үй мүлдем тұрғызылмады. Осыған байланысты 2015 жылдың шілде айында Астана қ, Алматы аудандық сотына аталған ТҚК мен келісім шартты бұзу және үлескерлік қаражатты қайтару туралы шағым түсіріп, тұрғын-үй құрылыстық компаниясынан шығару және қаражатты қайтару туралы шешім алдық. Бірақ, осы күнге дейін қаражатымды қайтармады, яғни сот шешімі орындалмады. Енді ақша да қайтарылмады және тұрғын-үй құрылыстық компания мүшелігінен де шығып қалдым. Осыған байланысты Сіздерден келесідей сұраққа жауап беріп, көмектесулеріңізді сұраймын: http://astana.gov.kz/kk/modules/material/15708 сәйкес "Тамаша үй" тұрғын-үйі мемлекеттік Нұрлы жер бағдарламасы аясында соғылатын болды. 1. Соттың шешімінің орындалмауына байланысты, маған "Тамаша Үй" тұрғын-үй құрылыстық компаниясының мүшелігіне қайта кіріп, пәтердің ақшасын толық төлеген, бірақ пәтерді ала алмаған зардап шегуші үлескер ретінде, жоғарыдағы бағдарлама бойынша "Тамаша үй" тұрғын үйінен пәтер алу құқымды анықтап, көмектесулеріңізді сұраймын
    Жауап күні:
    15 қаңтар, 2018 - 12:15
    Жауап:
    Құрметті Жандос Енсебекұлы!Астана қалалық прокуратурасымен Сіздің «Тамаша Үй» тұрғын үй құрылыстық компаниясының (бұдан әрі- ТҮҚК) мүшелігіне қайта кіру және пәтер алу құқығыңызды түсіндіруді сұрап жазған өтінішіңіз қаралды. Астана қаласы Алматы аудандық сотының 2015 жылы 15 маусымындағы шешіміне сәйкес сіздің ТҮҚК-мен арадағы үлестік келісім шарт бұзылып, қарызды өндіру туралы талабыңыз қанағаттандырылған. Аталған сот актісінде Сізбен ТҮҚК арасында «Гранитный 2» көппәтерлі тұрғын үйден пәтер сатып алуға үлестік жарна шарты жасалып, 6 286 644 теңге төлем сомасы Сізбен толық төленген (31.07.2013ж., 12.09.2013ж., 28.10.2013ж., 15.11.2013ж., 19.12.2013ж. төлем туралы түбіртектерге сәйкес). Аталған сот шешіміне сәйкес 29.02.2016 жылы атқару өндірісі қозғалып, қазіргі уақытта жеке сот орындаушысы Е.О.Калматайдың өндірісінде. Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 126-бабы 1-тармағы 5-тармақшасына сәйкес сот орындаушысы заңда белгiленген тәртiппен атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде туындаған мәселелер бойынша, оның ішінде орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту тұрғысынан сотқа ұсыныстар енгізуге құқылы. Осы негізде, Сізге түсіндіреміз, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 246-бабына сәйкес сот шешімінің орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы сот орындаушысымен сотқа жүгінуге құқылысыз. Сонымен қатар, ТҮҚК-не мүше болып кіру жөнінде Сіз өз еркіңізбен «Адам строй Сервис» ТҮҚК-не жүгінуге құқығыңыз бар (қайтадан құрылған тұрғын-үй құрылыс кооперативі).
  • Сұрақ №: 38640
    Дата: 03.01.2018 18:26:35
    Аты-жөні: Адилов Жақсыбек
    Сұрақ:
    Қазақстан Республикасы, Астана қаласының прокуроры Дембаев Булат Бекназаровичке ОҚО, Мақтаарал ауданы, Арай ауылдық округі Талдықұдық көшесі 41 үй тұрғыны Адилов Жақсыбек Борибековичтен 15.05.1959 ж.т. ИИН /570515301203/ ұялы телефон: + 7 (702) 329 24 38. ӨТІНІШ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ҰЛТТЫҚ БЮРОСЫ 2015 жылдың маусымның 27-күні балам Адилов Қуаныш Жақсыбекұлы 30.08.1985 ж. 190-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша іс қозғады. Балам оқиға орнынан қашып кеткен. 2017 жылдың қыркүйек айының 30 күні Алматы қаласында ұсталды. Содан қазіргі уақытқа дейің, 4 ай бойы, ЕЦ 166/10 түзету мекемесінде қамап отыр.Қылмыстық іс аяқталмаған, қылмыстық құрам, дәлел жоқ, сондықтанда істі тергеуді 4 ай бойы созып келеді! Қазіргі уақытта мен жұмыссызбын, анасы 2 топтағы мүгедек,баламның 3 баласы бар, жары жұмыс істемейді. Осы істі өз қарауыңызға алуды СҰРАНАМЫН!
    Жауап күні:
    9 қаңтар, 2018 - 18:25
    Жауап:
    Құрметті Жақсыбек Борибокевич! Сіздің Қ.Ж.Адиловқа қатысты №157100131000197 санды қылмыстық істі өз қарауыңызға алу туралы арызыңыз қаралды. Анықталғаны, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (одан әрі–ҚК) 24 бабы 3 бөлігі, 190 бабы 3 бөлігі 2 тармағымен күдікті Қ.Ж.Адиловқа қатысты қылмыстық іс қазіргі кезде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Астана қаласы бойынша департаментімен (одан әрі-Департамент) тергелуде. Сіздің ұлыныз Қ.Ж.Адилов 30.09.2017 жылы Алматы қаласында ұсталынып, 17.10.2017 жылы Астана қаласының ЕЦ-166/1 мекемесіне жеткізілді. Тергеу барысында Департаментпен қылмыстық істің тексеру мерзімі 4 айға дейін сот-видеофонографиялық, психолого-филологиялық сараптамаларын тағайындауға байланысты ұзартылды. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде және оның тергелу барысы қала прокуратурасымен бақылауға алынғанын хабарлаймын.
  • Сұрақ №: 38299
    Дата: 20.12.2017 21:40:05
    Аты-жөні: Каюпова Акслу
    Сұрақ:
    Саламатсызба,мен 2 балама алимент ала алмай жургеніме 3 жыл болды.Ақтөбе қаласы сотының шешімі бойынша 01.06.2015 жылдан бастап Аужанов Саян Елтаевич екі балаға алимент төлеу керек болатын,осы күнге дейін ол адамнан алимент ала алмай отырмын.Аужанов Саян Елтаевич,ИИН 701005350062 Астана қаласы,Есіл ауданы,Вишневая №44 уйде тіркеуде.Бірақ Саян Ақмола облысы,Корғалжын ауданы,Жантеке ауылында анасымен бірге турып жатыр.Ақтөбе қаласының соты №2-6917/15 және №2-9360/2015 ісі орындалмай отыр.Ақтөбе қаласы сотының шығарған шешімдерін Астана қаласы, Республика даңғылы 58 а, Криглева Г.У. сот орындаушысына жібердім,бірақ нәтиже болмады.Аса құрметті прокурор мырза екі балама тиесілі ала алмай жүрген алименттерін алып беруге көмектесуіңізді сұраймын.
    Жауап күні:
    27 желтоқсан, 2017 - 20:25
    Жауап:
    Уважаемая Акслу Жумагельдиевна! Все вводимые Вами личные данные конфиденциальны и не подлежат распространению или передаче третьим лицам. Обращаем Ваше внимание, что жалобы и обращения, касающиеся уголовных, гражданских или административных дел, а также о проведении проверок, принятии мер прокурорского реагирования, разъяснении норм законодательства подаются в Прокуратуру города - нарочно; - через почтовую связь; - на электронный портал www.115.kz. Для отправки обращения на электронный портал www.115.kz необходимо иметь электронную цифровую подпись (ЭЦП), которую можно получить в Центре обслуживания населения (ЦОН). Для того, чтобы ускорить получение ответов на Ваши вопросы, убедительно просим излагать суть вопроса четко и лаконично. Прежде чем задать вопрос, следует поискать ответ в материалах блога. Возможно, что в них уже содержится ответ на интересующий Вас вопрос, и Вы легко получите необходимую информацию.
  • Сұрақ №: 38032
    Дата: 10.12.2017 19:42:04
    Аты-жөні: Шырын Бексұлтан
    Сұрақ:
    Қазақстан Республикасы, Астана қаласының прокуроры Дембаев Болат Бекназарұлына Астана қаласы, Алматы ауданы, Жұмабаев көшесі 14/1, №5 СҮ тұрғыны Шырын Бексұлтан Андасұлынан 20.09.1996 ж.т. ЖСН/960920301564/ ұялы телефон: + 7 (707) 937 62 12 өтініш. Менің өтініш жазу себебім, менен 08.11.2017 күні №5 студенттер үйінің ауласында, бейне бақылау камерасының алдында күштеп тартып алынған ұялы телефонымды(Iphone 6, Space Gray, 64Gb/IMEI: 35 931106 904643 9/Серийный номер: F73Q2QXRG5MR) іздеу барысын өз қадағалауыңызға алуыңызды сұраймын.Себебі қылмыскер өте қауіпті, әрі суық қарумен болғандықтан, мен телефонымды қарсылықсыз беріп құтылдым, сондықтан қылмыскерді тездетіп тауып қылмыстық жауапқа тартпаса,алдағы уақытта басқа да азаматтарға зиян келтірмесіне кім кепіл?! Ал бұл істі қарап жатқан Астана қ-сы, Алматы аудандық ІІД-нің тергеушілері іздеу жұмыстарын өз дәрежесінде жүргізіп отырғандығын өз бақылауыңызға алуыңызды сұраймын. Телефонымның Icloud-ын тергеушілердің сұранысы бойынша бұғаттаудан алып тастадым.
    Жауап күні:
    27 желтоқсан, 2017 - 20:42
    Жауап:
    Уважаемый Бексұлтан Андасұлы! Все вводимые Вами личные данные конфиденциальны и не подлежат распространению или передаче третьим лицам. Обращаем Ваше внимание, что жалобы и обращения, касающиеся уголовных, гражданских или административных дел, а также о проведении проверок, принятии мер прокурорского реагирования, разъяснении норм законодательства подаются в Прокуратуру города - нарочно; - через почтовую связь; - на электронный портал www.115.kz. Для отправки обращения на электронный портал www.115.kz необходимо иметь электронную цифровую подпись (ЭЦП), которую можно получить в Центре обслуживания населения (ЦОН). Для того, чтобы ускорить получение ответов на Ваши вопросы, убедительно просим излагать суть вопроса четко и лаконично. Прежде чем задать вопрос, следует поискать ответ в материалах блога. Возможно, что в них уже содержится ответ на интересующий Вас вопрос, и Вы легко получите необходимую информацию.
  • Сұрақ №: 36267
    Дата: 15.10.2017 21:49:24
    Аты-жөні: Турсуметов Сурат
    Сұрақ:
    Қазақстан Республикасы, Астана қаласының прокуроры аға әділет кеңесшісі Дембаев Булат Бекназаровичке Астана қаласы, Сары арқа ауданы прокуроры әділет кеңесшісі Серикбаев Еркебулат Туленовичке ОҚО, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат м.а. №197 үй 12 пәтер тұрғыны Турсуметов Сурат Сайтмуратовичтен 16.05.1970 ж.т. ИИН /700516302513/ ұялы телефон: + 7 (705) 224 00 03 А Р Ы З 2015 жылдың мамыр айының 6-шы күні Астана қаласы, Орлы көл көшесі №10 үйде орналасқан 4-ші өнеркәсіптік цехына лакті бояулық (лакокрасочный) және су эмульсиялық (водоэмульсионный) өнімін өндіруге Жаргаков Жомарт Бердибаевичпен жалпы құны 15 000 000 (он бес миллион) тенгеге ауызша келісімге келдік. Мен өзімің аталған өнімді шығаруы бойынша тәжірбиелі маман екенімді айтып, аталған өндірісті бастауға тиісті құжаттарым және сапа сертификатымды көрсеттім. Шымкент қаласында жұмыс істеп тұрған цехтың құжаттары мен дайын өнімін көрсеттім. Жаргаков Жомарт Бердиюаевичке дайын өнімнің сапасы мен өзіндік бағасы толығымен ойынан шықты. Өндіріс орнына құрал жабдықтарды және өндіріске қажетті шикізаттар мен химикаттарды жеткізу үшін 06.05.2015 жылы 3 100 000 (үш миллион бір жүз мың) тенге, 27.05.2015 жылы 3 600 000 (үш миллион алты жүз мың) тенге, 16.06.2015 жылы 1 800 000 (бір миллион сегіз жүз мың) тенге және 30.06.2015 жылы 3 600 000 (үш миллион алты жүз мың) тенге көлемінде жалпы құны 12 100 000 (он екі миллион бір жүз мың) тенге көлемінде ақшалай қаражатты қолма-қол алдым. Өндіріске қажетті 68 тонна Өзбекстан Республикасынан 2 150 000 (екі миллион бір жүз елу мың) тенгеге микро кальцит жеткіздім. 3 000 000 (үш миллион) тенгеге Алматы қаласынан қажетті химиалық қоспалар мен пластмассалық ыдыс жеткізілді. Қалған соммаға ауызша келісім талаптарын орындау мақсатында, 2015 жылдың маусым айында Астана қаласы, Орлы көл көшесі №10 үйде орналасқан 4-ші цехқа тиісті құрал жабдықтар жеткізілді. 2015 жылдың маусым айының ортасында Астана қаласында алғашқы өнім шығарылды. Аталған өнім тапсырыс беруші Жаргаков Жомарт Бердибаевичтің атындағы «Астана Иновациялық технологиясы» ЖШС-нің атынан өнім сапасын анықтау үшін «Мемлекеттік стандарттау» мекемесіне жолданды. Жаргаков Жомарт Бердибаевич өндірілген өнім өзінің ойынан шыққаннан кейін аталған мекемеге сәйкестік серификатын алуға жолданғандығы белгілі. 2015 жылдың тамыз айынының 6-шы жұлдызына өндіріс цехында өндірілген тауардың барлық санитарлық техникалық талаптарға және сапа сертификатына тура келуіне байланысты толық өнім өндіру жүзеге асырылды. Алайда, Жаргаков Жомарт Бердибаевич ауызша келісім шартында көрсетілген талаптардың барлығын орындауыма қарамастан осы күнге дейін 2 900 000 (екі миллион тоғыз жүз мың) тенге көлемінде қарыз ақшасын бермей келуде. ҚР АҚ-нің 272, 273, 277 баптарын және ҚР АІЖК-нің 140 бабын басшылыққа алып, отыра Астана қаласы, Сары арқа аудандық сотына «Қарыз ақша өндіру туралы сот бұйрығын шығару туралы» талап арыз жолданып, қазіргі таңда аталған азаматтық іс аудандық соттың өндірісінде қаралуда. Жаргаков Жомарт Бердибаевич Астана қаласы, Сары арқа аудандық ІІБ-на менің алаяқтық жолмен оның ақшасын қолды еткендігі жөнінде арызданған.Ол өз арызында менің 67 000 (алпыс жеті мың) $ USA көлемінде қаражатты алып, өндірісті іске қоспай жүргендігін көрсеткен. Алайда, аталған өндіріс іске қосылып алғашқы өнім өндірілгендігін ешкімнен жасыра алмайды. Өндірісті ары қарай жүргізе алмағандықтан аталған шығындарды мені алаяқ ретінде көрсетіп, қайта өндіруді жөн көріп отыр. Сонымен қатар, Жаргаков Жомарт Бердибаевич «Сары арқа ІІБ-ның бірінші орынбасары өзімен бірге ҚР ҚК әскери қатарында бірге қызмет еткен жолдасым, ол өзбекті бір күнде маскасын шешіп алып ақшамды қайтарамын» деп таныстарына мақтанып жүрген көрінеді. Ұлтым өзбек болғанымен Қазақстан Республикасының азаматымын, осы елде туылып өсіп өз еңбегімді сіңіріп жүрмін. Әкем және ата-бабам ашаршылықта осы қазақ елінде қиындықты бірге көріп, тоқырау замандарда еліміздің осы күнгі бейбіт те, тоқшылыққа жетуіне өздерінің үдестерін қосқан азаматтар. Қазақстан Республикасы біртұтас, көп ұлтты мемлекет. Сондықтан да, мен осы Қазақстан елінің азаматы болғаныма және елбасымыздың ақылды да, тапқыр саясатын қолдаған азаматымын. Қ Ұ Р М Е Т Т І П Р О К У Р О Р: Жаргаков Жомарт Бердибаевичтің мені ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігімен қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы арызы негізінде жинақталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру құжаттарын жан-жақты зерделеу арқылы тексеру амалдарын жүргізіп, Қылмыстық процесстік кодекстің 105 бабы негізінде қарауыңызды СҰРАНАМЫН !!! Арыз иесі: С.С.Турсуметов __________________ (қолы) «16» қазан 2017 жыл
    Жауап күні:
    2 қараша, 2017 - 19:27
    Жауап:
    Құрметті Сурат Сайтмуратович! Сіздің, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасынан келіп түскен арызыңыз қаралды. Анықталғаны, Ж.Б.Жаргаковтың арызы бойынша Астана қаласы Сарыарқа ауданы Ішкі Істер Басқармасымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне №177113031008218 санымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабы 4 бөлігі 2 тармағымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Қазақтан Республикасының қылмыстық-процестік кодексінің (әрі қарай ҚР ҚПК) 192 бабына сәйкес, сотқа дейiнгі тергеп-тексеру қылмыстық істің күрделілігі, тергеу әрекеттерінің көлемі және істің мән-жайларын зерттеудің жеткіліктілігі ескеріле отырып, қисынды мерзімде, бірақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде белгіленген қылмыстық қудалаудың ескіру мерзімінен аспайтын мерзімде аяқталуға тиіс. Қылмыстық сот ісін жүргізудің қисынды мерзімін айқындаған кезде қылмыстық істің құқықтық және нақты күрделілігі, сотқа дейінгі іс жүргізуге қатысушылардың процестік құқықтарды іске асыруы, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның өз өкілеттіктерін сотқа дейінгі іс жүргізуді уақтылы жүзеге асыру мақсатында іске асыру тәсілі сияқты мән-жайлар ескеріледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі арыз бен хабарды Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеген кезден бастап қылмыстық іс айыптау актісімен немесе істі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарау үшін сотқа беру туралы қаулымен прокурорға жіберілген күнге дейін не іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарылған күнге дейін есептеледі. Анықтау істері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бір айдан және алдын ала тергеу істері бойынша екі айдан аспауға тиіс. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Берілген жауаппен келіспеген жағдайда Сіз жоғары тұрған прокуратураға немесе сотқа ҚР ҚПК 106 бабына сәйкес шағымдануға құқығыңыз бар. Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуроры әділет кеңесшісі Ж.Сматов

Беттер