Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 42264
    Дата: 23.04.2018 12:43:28
    Аты-жөні: Курмашев Серикжан
    Сұрақ:
    Қайырлы күн! 2009 жылдың қаңтарында Қарағанды қаласында орналасқан әскери бөлімге келісім-шартпен жұмысқа қабылдандым. 2010 жылдың шілде айында отбасының жағдайына қатысты шығып кеткенмін (әскери билетте пп 3 п 2 ст 37 деп көрсетілген). Осыған байланысты, анықтап алайын деген мәселем - қазір әскери қызметке қайта оралғым келеді, алайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес қабылдай алмаймыз дейді әскери бөлімдер. Қандай да бір мүмкіндігім бар ма? Заңға өзгерістер тек кейіннен ғана енгізілгендігін ескеріп, мені қайта әскери қызметке қабылдаудың басқа жолдарын, негізге алатын басқа тұстары бар ма? Осы сұрақтың шешімін табуға көмек көрсетулеріңізді сұраймын. Рахмет.
    Жауап күні:
    15 мамыр, 2018 - 16:52
    Жауап:
    Құрметті Курмашев Серикжан! Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша, сондай-ақ тексеру жүргізу, прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану туралы шағымдар мен өтініштер қала Прокуратурасына арнайы әкеліп тапсыру, пошта арқылы және www.115.kz электронды порталына жіберу арқылы жолданады. www.115.kz электронды порталына өтініш жіберу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ЦОН) алуға болатын электронды сандық қолтаңба (ЭЦП) болу қажет. Жауап алуды тездету үшін сұрақты қысқа әрі нақты қоюды сұраймыз.
  • Сұрақ №: 42205
    Дата: 21.04.2018 13:45:32
    Аты-жөні: Летхан Аманбол
    Сұрақ:
    Саламатсызба? Мени вокзалга кирип бара жатканда полицей токтатып мени тексерди... Бирак озин таныстырган жок... Мен Караганды каласына кетеин дегенмин мама ауыр халде соган асыгып бара жатканмын... Ешкандай кукык бузушылык истеген жокпын. Енди отырмын 3 сагат устаймын дейди...База жумыс истемейды дейдй. Не истесем болады. Билмеймин аузына келгенди айтып боктайды...
    Жауап күні:
    15 мамыр, 2018 - 16:08
    Жауап:
    Құрметті Летхан Аманбол! Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша, сондай-ақ тексеру жүргізу, прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану туралы шағымдар мен өтініштер қала Прокуратурасына арнайы әкеліп тапсыру, пошта арқылы және www.115.kz электронды порталына жіберу арқылы жолданады. www.115.kz электронды порталына өтініш жіберу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ЦОН) алуға болатын электронды сандық қолтаңба (ЭЦП) болу қажет. Жауап алуды тездету үшін сұрақты қысқа әрі нақты қоюды сұраймыз.
  • Сұрақ №: 41807
    Дата: 06.04.2018 16:30:55
    Аты-жөні: Байжумурова Пернекул
    Сұрақ:
    Сәлеметсіз бе! Менің есімім Пернекул. Мен сізге ұялы телефоным бойынша хат жазып отырмын. 22-наурыз күні Астана қаласына қонаққа барып, МЕГА SILKWAY EXPO қалашығында болып жатқан концертте телефонымды ұралытып алдым. Мен 102 звандап мән жағдайды түсіндіріп менен арыз шағым қабылдап алды. IMEI кодымен бірге Есіл аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне бердім. Осы күнге дейін 1-1-де бір жауап жоқ. Олар шын мәнісінде жұмыс жасап жатса маған неге есеп бере алмайды? Тергеушіге звандасам бердім үйттім болды басқа сөз жоқ. Өзімнің аяғым ауыр. Мен енді не істеуім керек?
    Жауап күні:
    5 мамыр, 2018 - 19:09
    Жауап:
    П.Н. Байжумуроваға (Бас Прокурордың блогынан) Сіздің ұялы телефонды жымқыру дерегі бойынша қылмыстық қудалау органымен шара қолданбауы туралы арызыңыз қаралды. Сіздің арызыңыз 22.03.2018 жылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188 бабы 1 бөлігімен Астана қаласы Есіл ауданының ішкі істер басқармасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркеліп, бүгінгі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған іс зерделеніп, аудан прокуратурасымен Астана қаласы Есіл ауданы ІІБ-на iстi дұрыс шешуге қажеттi және объективтi зерттеу үшiн нұсқау жолданды. Сондай-ақ, Сіз ҚПК-нің 99 бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға қылмыстық процесс барысында маңызы бар мән-жайларды анықтау үшiн процестік әрекеттерді жүргiзу немесе процестік шешiмдерді қабылдау туралы өтiнiшхаттармен жүгінуге құқылысыз. Астана қаласы Есіл ауданының прокуроры аға әділет кеңесшісі Д. Катаев орын. Ш. Ештаев тел.71-20-86
  • Сұрақ №: 38827
    Дата: 09.01.2018 21:54:21
    Аты-жөні: Алдашова Роза
    Сұрақ:
    Мен Алдашова Роза "ASI"инвестициялық компаниясынан бір бөлмелі пәтердің құнын жеті миллион үш жүз тоқсан бір мың теңгені өндіріп алу үшін Астана қ. Сарыарқа аудандық сотына талап арыз жазып,21.08.2017ж менің пайдама шешілген сот шешімін алып сот орындаушысы Абдиков Мейрамға бердім сонан бері үш ай өтті еш нәтиже жоқ."ASI"инвестициялық компаниясының есеп шотында еш қаражат жоқ,барлық варианттарды қарастырдым деді.Енді кімге арыздануға болады.
    Жауап күні:
    23 қаңтар, 2018 - 18:52
    Жауап:
    Құрметті Роза Мыркайдаровна! Сізбен енгізілген жеке мәліметтер құпия болып табылады, олар жарияланбайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша, сондай-ақ тексеру жүргізу, прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану, заң нормаларын түсіндіру туралы шағымдар мен өтініштер қала Прокуратурасына арнайы әкеліп тапсыру, пошта арқылы және www.115.kz электронды порталына жіберу арқылы жолданады. www.115.kz электронды порталына өтініш жіберу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ЦОН) алуға болатын электронды сандық қолтаңба (ЭЦП) болу қажет. Жауап алуды тездету үшін сұрақты қысқа әрі нақты қоюды сұраймыз. Сұрақ қоюдан бұрын блог материалдарынан оған жауап іздеп көріңіз. Блогта Сіздің сұрағыңызға тиісті жауап болуы мүмкін және ондай жағдайда қажетті ақпаратты оңай ала аласыз.
  • Сұрақ №: 38712
    Дата: 05.01.2018 18:47:17
    Аты-жөні: Зулпыхар Жандос
    Сұрақ:
    Сәлеметсіздер ме! Мен 2013 жылы Астана қаласындағы "Тамаша үй" Тұрғын үй құрылыстық компаниясына пәтер алу үшін үлескер ретінде келісім шартқа отырып, осы шарт бойынша 1 бөлмелі пәтердің ақшасын несие алып, толық төледім. Тұрғын үй жоспар бойынша 2015 жылы берілу керек болатын. Алайда, үй мүлдем тұрғызылмады. Осыған байланысты 2015 жылдың шілде айында Астана қ, Алматы аудандық сотына аталған ТҚК мен келісім шартты бұзу және үлескерлік қаражатты қайтару туралы шағым түсіріп, тұрғын-үй құрылыстық компаниясынан шығару және қаражатты қайтару туралы шешім алдық. Бірақ, осы күнге дейін қаражатымды қайтармады, яғни сот шешімі орындалмады. Енді ақша да қайтарылмады және тұрғын-үй құрылыстық компания мүшелігінен де шығып қалдым. Осыған байланысты Сіздерден келесідей сұраққа жауап беріп, көмектесулеріңізді сұраймын: http://astana.gov.kz/kk/modules/material/15708 сәйкес "Тамаша үй" тұрғын-үйі мемлекеттік Нұрлы жер бағдарламасы аясында соғылатын болды. 1. Соттың шешімінің орындалмауына байланысты, маған "Тамаша Үй" тұрғын-үй құрылыстық компаниясының мүшелігіне қайта кіріп, пәтердің ақшасын толық төлеген, бірақ пәтерді ала алмаған зардап шегуші үлескер ретінде, жоғарыдағы бағдарлама бойынша "Тамаша үй" тұрғын үйінен пәтер алу құқымды анықтап, көмектесулеріңізді сұраймын
    Жауап күні:
    15 қаңтар, 2018 - 12:15
    Жауап:
    Құрметті Жандос Енсебекұлы!Астана қалалық прокуратурасымен Сіздің «Тамаша Үй» тұрғын үй құрылыстық компаниясының (бұдан әрі- ТҮҚК) мүшелігіне қайта кіру және пәтер алу құқығыңызды түсіндіруді сұрап жазған өтінішіңіз қаралды. Астана қаласы Алматы аудандық сотының 2015 жылы 15 маусымындағы шешіміне сәйкес сіздің ТҮҚК-мен арадағы үлестік келісім шарт бұзылып, қарызды өндіру туралы талабыңыз қанағаттандырылған. Аталған сот актісінде Сізбен ТҮҚК арасында «Гранитный 2» көппәтерлі тұрғын үйден пәтер сатып алуға үлестік жарна шарты жасалып, 6 286 644 теңге төлем сомасы Сізбен толық төленген (31.07.2013ж., 12.09.2013ж., 28.10.2013ж., 15.11.2013ж., 19.12.2013ж. төлем туралы түбіртектерге сәйкес). Аталған сот шешіміне сәйкес 29.02.2016 жылы атқару өндірісі қозғалып, қазіргі уақытта жеке сот орындаушысы Е.О.Калматайдың өндірісінде. Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 126-бабы 1-тармағы 5-тармақшасына сәйкес сот орындаушысы заңда белгiленген тәртiппен атқарушылық іс-әрекеттер жасау кезінде туындаған мәселелер бойынша, оның ішінде орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту тұрғысынан сотқа ұсыныстар енгізуге құқылы. Осы негізде, Сізге түсіндіреміз, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 246-бабына сәйкес сот шешімінің орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы сот орындаушысымен сотқа жүгінуге құқылысыз. Сонымен қатар, ТҮҚК-не мүше болып кіру жөнінде Сіз өз еркіңізбен «Адам строй Сервис» ТҮҚК-не жүгінуге құқығыңыз бар (қайтадан құрылған тұрғын-үй құрылыс кооперативі).

Беттер