Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 1212
    Дата: 03.03.2013 16:58:57
    Аты-жөні: Саршаева Лаззат
    Сұрақ:
    Мен Мирзоян көшесі, 25 үйдің тұрғынымын. Біздің үйдің екінші қабатында "Спорт тайм" фитнесс-клубы орналасқан. Фитнесс-клубтың үстінгі қабатында тұрғын пәтерлері орналасқан. Осы фитнесс -клуб күн сайын сағат 8.00-23.00 -ге дейін қызмет көрсетеді, у-шу, даңғаза дыбыстардан әбден тұрғындардың мазасы кетті, тіпті лақтырылған 50 килограмдық зіл тастардан үйдің қабырғалары, едені қозғалады, бұл дыбыстардың адамның жүйкесіне қалай әсер ететіні тіпті өз алдына үлкен мәселе, демалыс күндері үйде отырудың, жұмыстан кейін шаршап келіп үйде демалудың өзі уайым-қайғыға айналды. Бірнеше рет фитнесс-клуб әкімшілігіне ауызша да, жазбаша да шағымдар айтылды, жазылды да. КСК тарапынан да ескерту жазбаша түрде де, ауызша да жасалды. Монша, фитнесс-клубтағы сауналардың қолаңсы иісі де пәтер иелерінің ашу-ызасын туғызуда. Алайда 3 жылдан бері бұл мәселе оң шешімін табар емес. Сіздерден осы мәселенің шешімін табылуына көмектеседі деген сеніммен, 139 пәтер тұрғыны Саршаева Ләззат Айтуарқызы
    Жауап күні:
    2013-10-16
    Жауап:
    Астана қаласы Алматы ауданының прокуратурасымен Сіздің блогқа «Спорт–тайм» фитнес клубының қызметіне қатысты жазған арызыңыз қаралды. Астана қаласының санитарлық-эпидемиологиялық Департаментінің мәліметіне сәйкес, Мирзоян көшесі, 25 үй мекен жайында орналасқан «Спорт –тайм» фитнес клубында адамдардың іс әрекеттерінен туындаған тұрмыстық шу санитарлық нормалармен реттелмейді, уақытша шу шығаратын қондырғыларға санитарлық гигиеналық нормативтер жоқ. Осыған байланысты, аталған арызығыз бойынша прокурорлық ықпал ету актісін енгізуге негіз жоқ. Сонымен қатар, Сіз «Спорт–тайм» фитнес клубының қызметіне байланысты шағымдарыңызды азаматтық іс-жүргізу тәртібімен сотқа жүгінуге құқылысыз.
  • Сұрақ №: 938
    Дата: 12.02.2013 12:45:33
    Аты-жөні: Алшынбаева Макпал
    Сұрақ:
    Құрметті Мұхтар Әкебайұлы! Менің Сізден сұрарым, кейбір мекемелер құжаттарды сұрағанда мемлекеттік мекеме басшысының қойған қолына міндетті түрде елтаңбалы мөр қойылуы тиіс дейді. Мен қаншама заңнамаларды ақтарып, басшы қолына елтаңбалы мөр басылуы міндеттелген заң талабын көрмедім. Осыған құқықтық көмек берсеңіз.
    Жауап күні:
    2013-02-27
    Жауап:
    Құрметті Мақпал Алшынбаева !!! Сіздің мемлекеттік мекемелермен берілетін құжаттар елтаңбалы мөрмен куәландырылуы міндеттілігі жөніндегі арызыңыз қаралды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қаулысының 39 тармағына сәйкес, мөр бедері лауазымды тұлғаның құжаттағы қолының түпнұсқа екендігін куәландырады. Мөр бедерін лауазымның атауы мен қойылған қолдың бір бөлігін қамтитындай етіп қою қажет. Алайда, мемлекеттік мекемелер басшыларының қолы бар құжатарда міндетті түрде елтаңбалы мөрмен куәландыру қажеттілігі нақты бір ережелерде көзделмегені туралы хабарлаймыз. Астана қаласы прокуроры М. Жөргенбаев
  • Сұрақ №: 904
    Дата: 08.02.2013 14:35:15
    Аты-жөні: Саршаева Анар
    Сұрақ:
    Саламатсыз ба, Мен 2012 жылдың 10 қазанында ҚР ӘМ Би-Логистикс АҚ арқылы Қоғамдық байланыс және БАҚ қызметкері ретінде Сот актілерін орындау комитетіне жұмысқа қабылдандым. Келісім-шарт 31 желтоқсанда тоқтатылды. 2013 жылдың қаңтар айында Комитет төрағасы Саида Сағдаттың айтуыменен жаңа келісім-шартты күтіп, әрі қарайғы қызметімді жалғастырдым. Дегенмен, жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шықпаған соң, жұмыстан кеткен едім. Қаңтар айында Комитеттің аймақтық бөлімшелеріне тапсырмаларды АСУКИП бағдарламасы арқылы жолдаған хаттар сақталынған. Осы атқарған жұмысыма еңбекақыны қалай өндіріп аламын. МТО басқармасының бастығы Мақсат ДОСҚОЖА ЖАЛАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ ДЕГЕН ЕДІ. АЛАЙДА, ӘЛІ ХАБАР ЖОҚ. ӨНДІРІП БЕРУІҢІЗДІ СҰРАЙМЫН.
    Жауап күні:
    2013-02-27
    Жауап:
    Астана қ., Иманбаева к-сі, 8/1 үй, 67 п. А.А. Саршаеваға Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуратурасы Сіздің Сот актілерін орындау комитетінің «Би Логистикс» Акционерлік қоғамының (осыдан әрі – Акционерлік қоғам) және Қазақстан Республикасы Әдлет Министрлігінің Сот актілерін орындау Комитетінің (осыдан әрі - Комитет) Сіздің еңбек құқықтарыңызды бұзуы туралы арызыңыз тексеріс жүргізу арқылы негізінен қарастырылды. Аталған арызды қарастыру барысында Комитеттің 2012 жылдың 10 қыркүйегіндегі №191 л/с бұйрығының негізінде аталған мекемеге жұмысқа қабылданғаныңыз анықталды. 2012 жылдың 10 қыркүйегіндегі еңбек шартының 2012 жылдың 31 желтоқсанында күшінің жойылуына байланысты Сіздің және Комитет араларыңыздағы еңбек қатынастарыңыз қысқартылды. Сонымен қатар, 2013 жылдың ақпан айының 14 күні Сіздің жазған қолхатыңыздың негізінде 2013 жылдың қаңтар айының 3 және 14 күндері аралығындағы жұмыс жасаған күндеріңіз үшін Комитет жалақыңызды төлегені анықталды. Аталғанның негізінде, арызда көрсетілген жаңа еңбек шарт жасаусыз қызметтік міндеттеріңізді атқару барысында сіздің жалақыңыздың төленбеу жөніндегі мән-жайлар тексеріс қорытындысымен теріске шығарылды. Алайда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (осыдан әрі - Кодекс) 23 бабындағы 2 тармағының талаптарына сай, жұмыс беруші жұмысқа қабылдаған кезде Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасуға міндетті. Комитеттің Сізбен еңбек шартын жасамау факті Кодексте бекітілген талаптарға қайшы келуі себебінен Сарыарқа ауданыының прокуратурасы Астана қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау Департаменті мекенжайына заңдылықты бұзушылықтың көзін жою және кінәлі тұлғаларды заңда көзделеген жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс жолдады. Сарыарқа ауданының прокуроры Ж. Қожабаев Орын. Ә. Ермеков Тел. 71-23-41
  • Сұрақ №: 686
    Дата: 18.01.2013 17:44:41
    Аты-жөні: Ахметов Сакен
    Сұрақ:
    Құрметті Мұхтар Әкебайұлы! Менің Сізден сұрарым, неге Астана қаласы Тұрғын үй басқармасы азаматтардың тұрғын үй кезегінде бар-жоғы туралы анықтаманы сағат 13.00-ге дейін ғана қабылдайды? Мемлекеттік мекеме азаматтардан арыз, шағым, өтініштерді жұмыс уақыты барысында қабылдауы керек емес пе? Неге бұл басқарма азаматтардың Конституциялық құқын шектейді? неге осыған тексеру жүргізіп, жауапты тұлғаға шара көрмейсіздер?
    Жауап күні:
    2013-02-06
    Жауап:
    Астана қаласы С.А.Ахметовке Құрметті Сәкен Амангелдіұлы! Астана қаласының прокуратурасы Астана қалалық тұрғын үй басқармасына жұмыс күні сағат 13–тен кейін түскен өтінішті қабылдамау мәселесі жөніндегі қала прокурорының блогына келіп түскен Сіздің өтінішіңізді қарады. Тұрғын үй басқармасы Астана қала әкімінің 12.12.2012 жылғы №13-41 өкімімен бекітілген, «Астана қ. әкім аппараты» ММ құжаттау және құжаттарды басқару Ережесінің 65 – тармағына сәйкес, азаматтардан өтініштерді және құжаттарды қабылдайтыны анықталды. Сонымен қатар, ҚР "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Заңының 7 - бабы 1 - тармағына сәйкес, белгiленген тәртiппен берiлген өтiнiштер мiндеттi түрде қабылдануға, тiркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиiс. Өтiнiштi қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады. Осыған орай, заңдарды бiлмеу немесе дұрыс түсiнбеу - заңды дұрыс қолданбауға әкеліп соғатынына жеткілікті негіздердің болуына байланысты қала прокуратурасы Тұрғын үй басқармасы бастығына заңға түсіндірме берді. Сол себепті, Астана қаласы Тұрғын үй басқармасына қажетті сұрақтарыңыз бойынша арыз жолдауға құқығыңыз бар. Астана қаласының прокуроры М. Жөргенбаев
  • Сұрақ №: 404
    Дата: 25.12.2012 15:12:03
    Аты-жөні: Гаппас Лаура
    Сұрақ:
    Салематсызба.Жолдасым Орынбасаров Еркін Астана қаласының № 12 тергеу изоляторында екендігі жөнінде жауап келді.Сізден отініш қандай тергеу амалдары жургізіліп жатқандығы жөнінде анықтап берсеңіз, және де семьясымен жолығуға рұқсат береме. Не үшин осы уақытқа дейін семьясына хабар берілмеген?
    Жауап:
    Сіздің өтінішіңізге сәйкес Орынбасаров Еркіннің Астана қаласының ЕЦ-165/1 мекемесінің тергеу изоляторына түспегенін хабарлаймыз. Сондай-ақ, Е. Орынбасаров Астана қаласының ҚАЖД түзеу мекемелеріне де жөнелтілмеген. Астана қаласының прокуроры М. Жөргенбаев

Беттер