Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 43752
    Дата: 16.06.2018 12:22:24
    Аты-жөні: Жетписбаев Қонысбек
    Сұрақ:
    Прокурор мырза! мен осыдан 3 айдай бұрын 115KZ порталы арқылы жеке сот орындаушы Жансейтов Мараттың әрекетсіздігінешағым жазған едім. Шағым 1971000159196364 болып тіркелген. Алайда, осы күнге дейін нақты жауапты көрмей отырмын
    Жауап күні:
    18 шілде, 2018 - 11:10
    Жауап:
    Қала прокуратурасымен Сіздің жеке сот орындаушысы М.Жансеитовтың әрекетсіздігіне жазған шағымыңыз қаралды. Бұдан бұрын 115KZ порталына жазған шағымыңыз қала прокуратурасымен 18 қазан 2018 жылы №2-16280-17-22126 хатымен Астана қаласы әділет департаментіне жолданған болатын. 14 қараша 2017 жылы №11-01-07/ЖТ-Ж-12380 хатымен Әділет департаменті басшысының орынбасары Н. Арингазиновтың қолымен Сізге жауап берілген. Жауапқа сәйкес, жеке сот орындаушысы М. Жансетовқа атқарушылық іс жүргізу бойынша жол берілген заң бұзушылықтары үшін тәртіптік өндірісі қозғалған. Астана қаласы бойынша жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасы басшысы Ж. Маусымбековтың 27 қараша 2017 жылғы №Д-01-06 бұйрығымен М.Жансеитов есекерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) 48 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, егер борышкердің өндіріп алу қолданылуы мүмкін мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе табыстары болмаса және сот орындаушысы оның мүлкін немесе табыстарын анықтау жөнінде қолданған, заңда көзделген барлық шаралар нәтиже бермесе атқарушылық құжат сот орындаушысының қаулысы бойынша өндіріп алушыға қайтарылады. Осы негіздермен сот орындаушының 30 наурыз 2018 жылғы қаулысымен Сізге қайтарылған. Алайда, аталған баптың 2 тармағына сәйкес, атқарушылық құжатты өндiрiп алушыға қайтару заңда белгiленген атқарудың ескіру мерзiмi шегiнде осы құжатты орындауға қайталап ұсынуға кедергi болып табылмайды. Осыған орай, «АДСК» ЖШС-гі және К.У. Турмухамбетовадан 229 392 теңге өндіру үшін атқару құжатын қайтадан жеке сот орындаушыларға ұсына алатындығыңызды түсіндіремін.
  • Сұрақ №: 43580
    Дата: 11.06.2018 17:15:45
    Аты-жөні: Тажимуратов Алишер
    Сұрақ:
    Маған 2013 жылы протокол толтырылған еді, номер материала 137118233098943, номер протокол №Z259065, сумма 3462 тенге. Осы штрафты екі рет төйлесемде өшпей жатыр. квитанция №709609279669 от 06.04.2017 г., АО "казпочта" №136310 от 09.02.2016 г.
    Жауап күні:
    15 маусым, 2018 - 17:03
    Жауап:
    Құрметті Тажимуратов Алишер Туребекович Сіздің 2018 жылдың 12 маусымында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының блогына келіп түскен толтырылған әкімшілік хаттамаңызға сәйкес, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Астана қаласы бойынша Басқармасына хабарласуыңыз қажет. Аудан прокуроры Ж.Сматов исп. Исмаилов.А. тел. 71-21-80 м.т. 8 747 144 07 11
  • Сұрақ №: 43550
    Дата: 09.06.2018 18:26:26
    Аты-жөні: темирхан аселхан
    Сұрақ:
    салеметсиз бе! маган комек керек менин курбымда фин киындыктар болды. ол маган кредит аперуди отинди. кредит берерде расписка алмадым оган сенгенмин. енди ол кредит толемей жур . 650000 калды. тел оширули кайда екенин биле алмай журмин. алаяктыкпен алдап кетти. осы жагдайдан калай шыгуга болады мен кредитимди жапкызгым келед. мен ол акшаны толей алмаймын. мошенничествомен арыз жаза аламын ба ? кандай варианттар усынасыздар
    Жауап күні:
    12 маусым, 2018 - 17:21
    Жауап:
    А.Е.Темирханға Құрметті Асельхан Еркиналикызы! Сіздің, несие рәсімдеп, қарыз ретінде берген ақшаңызды құрбыңыз қайтармай жатқаны және несиені төлмемей жатқаны жөніндегі арызыңыз қаралды. Анықталғаны, құрбыңыз екеуіңіздің араларыңызда азаматтық дау туындаған. Осыған орай, Сіз азаматтық-процестік Кодекстің 8 бабының талаптарына сай, азаматтық тәртіпте сотқа тиісті талап арызбен жүгіну арқылы келтірілген материалдық шығынды өндіруге құқылысыз. Аталған жауаппен келіспеген жағдайда, жоғары тұрған прокурорға немесе ҚПК-тің 106 бабына сай сотқа шағымдану құқылы екеніңізді түсіндіремін. Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуроры әділет кеңесіші Ж.Сматов  Абдіқадыр Б.  8-7172-71-21-73
  • Сұрақ №: 43426
    Дата: 04.06.2018 22:32:03
    Аты-жөні: Янчук Николай
    Сұрақ:
    Добрый вечер. 22 мая мой брат впал в кому от нанесений тяжких телестных повреждений в области головы сотрудниками полиции. Как поступить в такой ситуации? Куда нам обратиться?
    Жауап күні:
    30 маусым, 2018 - 14:41
    Жауап:
    Уважаемый Николай Геннадий! Сообщаем, что в случае имеющегося факта получения телесных повреждений от сотрудников полиции Вам необходимо с заявлением обратиться в Управление собственной безопасности Департамента внутренних дел г.Астана либо прокуратуру г.Астана (в случае совершения правонарушения на территории г.Астана).
  • Сұрақ №: 43357
    Дата: 01.06.2018 15:13:20
    Аты-жөні: АМАНХАНОВА РОЗА
    Сұрақ:
    Мен 2014 жылдан бері алимент өндіре алмай отырмын. Ең бірінші Алматы қаласында Медеу ауданыдвық жеке сот орындаушында ісім қаралды. Өкінішке ол жақтағылар алимент төлеуші иесі Алматы қаласында түрғанмен, тұрақты мекен жайы Астана қаласында және ол адам жұмыс жасамады. Заң жүзінде біз ештеңе істей алмаймыз дейді. Мен 2016 жылы Астана қаласындағы Есіл аудандық сотына өтініш білдіріп,сот шешім шығарды. Іс жеке сот орындаушысына тапсырылды. Осы уақытқа дейін 3 жеке сот орындаушысы ауысып, ешқандай іс жүзеге асқан жоқ. Қазіргі сот орындаушы Абдрахматов Ашим Капесовичте 2016 жылы шыққан шешім бойынша жұмыс атқарып жатқан жоқ. Алимент екі балама ажырасқаннан бері төленген жоқ. жалғыз жалақыға екі баламды асырап отырмын. Тез арада осы мәселені шешіп беруіңізді сұраймын. Қанша жылдан бері алиментті өндіре алмай отырғаным заңға қайшы емес пе?
    Жауап күні:
    18 маусым, 2018 - 17:56
    Жауап:
    Аманханова Роза Омарбековна! Астана қаласы Есіл ауданының прокуратурасымен борышкер Қ. Қойшыбаевтан алимент өндіру туралы жазған өтінішіңіз қаралды. Борышкер Қ. Қойшыбаев Астана қаласы, Кенгир көшесі, №2 үй тұрақты мекен-жайдан 15.10.2015 жылы тіркеуден шығарылған. Қазіргі таңда, борышкер Қ. Қойшыбаев Алматы қаласы, Райымбек ауданы, Жаланаш ауылы, Абай көшесі, № 9 үйде тұрып жатқандығы анықталды. Алайда тұрақты тіркеуге тұрмаған. 14.06.2018 жылы №130/17-71-2489 санды қаулысымен жеке сот орындаушы А.К. Абдрахметовпен атқарушылық іс жүргізу құжаты орындаусыз кері қайтарылған. ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының (әрі қарай-Заң) 48 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, егер борышкердің өндіріп алу қолданылуы мүмкін мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе табыстары болмаса және сот орындаушысы оның мүлкін немесе табыстарын анықтау жөнінде қолданған, заңда көзделген барлық шаралар нәтиже бермесе атқарушлық іс құжат өндіріп алушыға қайтарылады. Заңның 48 бабының 2 тармағына сәйкес, атқарушылық құжатты өндiрiп алушыға қайтару заңда белгiленген атқарудың ескіру мерзiмi шегiнде осы құжатты орындауға қайталап ұсынуға кедергi болып табылмайды. Осыған орай, Сіз Алматы облысы бойынша жеке сот орындаушылардын аймақтық палатасына атқарушылық іс құжатын қайта қозғау туралы тиісті өтінішпен арыздануға құқылысыз. Аудан прокуроры Д. Катаев орын. Сегизбаева Д.Б. тел. 73-03-08

Беттер