Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 3530
    Дата: 21.08.2013 14:11:02
    Аты-жөні: Темірбаева Қаламкас
    Сұрақ:
    Құрметті Прокурор мырза! Сіздің уақытыңызды үнемдеу мақсатында сұрағымды қысқаша қоямын. Егер қандай да бір қосымша ақпарат қажет болса, беруге даярмын. Мен 22.08.2012 ж. Астана қ. Ішкі Істер департаментіне арыз бердім. Арызда аты жөні, тұрғылықты жері белгілі Дархан есімді азаматтың жер учаскесін ресімдеймін деп 8 мың доллар көлемінде ақша алып, қайтармай қойғаны туралы айтылған. Міне бір жыл уақыттан бері, осы арызыма нақты жауап не әрекет жоқ. Департамент өз кезегінде арызды Алматы ауд. Ішкі істер басқармасына жолдаған. Олар маған хабарламай істі жауып тастаған. Жауап болмаған соң 2 рет (!) Алматы ауд. прокуратурасына шағымдандым. Бірінші рет арызды Арайлым деген қыз, екінші рет Букин Жакен қарастырды Олар "Алаяқтық" бабымен іс қозғауға тапсырма берді. Соңғы рет прокуратура берген жауаптың нөмірі 2-160115-13-04389 15\1413(түсініксіз таңба)12 күні 15.04.2013 ж. Осы кезге дейін бірде бір рет маған тел соғып не хатпен хабарласқан ешкім жоқ. Орындаушы мамандар халықпен қалай жұмыс істеуді де білмейді ме? Телефон соқсаң салғырт жауап береді. Қанша адамның арыз шағымы жауапсыз қалып жатыр. Егер өзің жүгіріп іздемесең істі жаба салады. Ішкі істер органына деген сенімсіздік осыдан шығады. Қазіргі сәтте менің арызым (іс) Алматы ауд. ІІБ Бөпежанов Н. деген тергеушіде. 71-67-52 нөмірімен хабарласу мүмкін емес. Ал бөлім бастығы 71-67-09 телефонымен ешқашан сөйлесе алмадым. Үн жоқ. Бір жылдан бері осы қалада жүрген адамды әкеліп жауап алуға не кедергі екенін білгім келеді. Оған қоса прокуратураның нұсқауын орындамайды ма олар? Құрғақ уәдемен алдап келеді тек. Алдын ала рахмет!
    Жауап күні:
    2013-09-06
    Жауап:
    Құрметті Қаламқас Қажыбаевна ! Сіздің алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істің тергелуінің созбаландыққа салынып жатқандығы туралы арызыңыз қаралды. Тексеру барысында, 16.04.2013 жылы Алматы аудандық ІІБ-ның тергеушісі Н.Молдашевпен ҚР ҚК-нің 177 бабының 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, 05.06.2013 жылы айыпталушы ретінде жауапқа тартуға жататын адамның анықталмауына байланысты тоқталылғандығы анықталды. 29.08.2013 жылы Алматы аудандық прокуратурасымен аталған қылмыстық қудалау органының қаулысы қадағалау реттілігімен бұзылып, қылмыстық іс материалдары Алматы аудандық ІІБ-на тергеу амалдарын жүргізу үшін жолданды. Қабылданған процессуалдық шешім бойынша қылмыстық қудалау органымен хабардар боласыз. Сонымен қатар, аудан прокуратурасымен қылмыстық іс жүргізу заңдылығының нормаларын бұзуына байланысты тергеуші Н.Молдашевқа қатысты тәртіптік өндіріс қозғалды.
  • Сұрақ №: 3212
    Дата: 30.07.2013 18:43:06
    Аты-жөні: ЖУМАГУЛОВА АЛМАТ
    Сұрақ:
    Балхаш калсынын ГОВД кызметкерлері менің ісімді жауып тастады 11/04/2013 жылы ДТП пешеходта кызымды Амирхан Молдир Дарханкызын кағып кеткен,осы кунге шейин ісім тоқтап тұр. тергеуші Аяшбеков Дархан. комек сураймые сотка жиберуіңәздә сұраймын
    Жауап күні:
    2013-08-06
    Жауап:
    Жумагуловой А.О. Сіздің қызыңыздың жол апатына түскен дерегі бойынша Балқаш қаласының ішкі істер қызметкерлерінің әрекетсіздігі туралы арызыңыз Астана қала прокуратурасы тарапынан қаралды. Анықталғаны, оқиға 11.04.2013 ж. Қарағанды облысы аймағында орын алған. Сол себепті түсіндіреміз, көрсетілген дерек бойынша арыз-шағымдарыңызды Қарағанды облысы ІІД-мен тергелу ретіне байланысты Қарағанды облысы прокуратурасына жүгіне аласыз. Астана қаласының прокуроры М. Жөргенбаев
  • Сұрақ №: 3001
    Дата: 14.07.2013 03:04:39
    Аты-жөні: Абатова Марта
    Сұрақ:
    Не себептен адам баласы жазыксыздан-жасызыксыз камауга алынуы керек?
    Жауап күні:
    2013-09-20
    Жауап:
    Құрметті Марта Абатовна ! Сіздің, «Не себепті адам баласы жазықсыздан-жазықсыз қамауға алынуы керек?»- деген сұрағыңызға төмендегідей жауап беремін. ҚР ҚІЖК-нің 150 бабының 1 бөлігіне сәйкес, қамауға алу бұлтартпау шарасы ретінде соттың санкция беруімен ғана және заңмен кемінде бес жыл мерізімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмыс жасаған деп айыпталушыға, сезіктіге қатысты ғана қолданылады. Ерекше жағдайларда бұл бұлтартпау шарасы заңмен кемінде бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмыс жасаған деп айыпталушыға, сезіктіге қатысты, егер: 1. Оның Казақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын жері болмаса; 2. Оның жеке басы анықталмаса; 3. Ол бұрын таңдалған бұлтартпау шарасын бұзса; 4. Ол қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынуға тырысса немесе жасырынса; 5. Ол ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымының) құрамында қылмыс жасады деп айыпталса не оған күдік келтірілсе; 6. Оның бұрын жасаған ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін соттылығы болса, қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, осы кодекстің 22 бабының 1 бөлігінде, Судья сот әділдігін атқару кезінде тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады делінген. Демек, азаматтардың конституциялық құқығын қорғау мақсатында, оларды қамау, сонымен қатар бас-бостандығынан айыру өкілеттігі соттың құзырына берілген. Аталған кодекстің 19 бабының талабына сәйкес, әр адамның қылмыс жасағаны ушін кінәлілігі осы Кодексте көзделген тәртіппен дәлелденгенге және соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз саналады және ешкім де өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Айыптау үкімін болжамдарға негіздеуге болмайды және ол ақиқат дәлелдердің жеткілікті жиынтығымен расталуы тиіс. Олай болса, жазықсыз азаматты ақиқат дәлелдердің жеткілікті жиынтығы болмаса және оның кінәсі осы Кодексте көзделген тәртіппен дәлелденбесе қамауға, бас бостандығынан айыруға жол берілмейді.
  • Сұрақ №: 2922
    Дата: 09.07.2013 12:31:19
    Аты-жөні: Сагеева Бакыт
    Сұрақ:
    Прокурору г.Астаны! Уважаемый Жоргенбаев Мухтар Акебаевич! ЗАЯВЛЕНИЕ. Прошу Вас оказать содействие для принятия меры по отношению к злостному неплательщику алиментов Сагееву Махмудий Хажиден-улы, 04.05.1963г.р., проживающего по адресу г. Астана, мкр. Молодежный, д.46-кв.4. д.т. 22-54-52. Прошло ровно два года, как Сагеев М.Х. не платит алименты на двоих детей от совместного брака: Сагеева Алмаза Махмудий-улы, 27.03.1994г.р. студента 3 курса Технического колледжа; Сагееву Малику Махмудий-кызы, 09.11.1996г.р. студентку 1 курса колледжа общественного питания и сервиса. Алматинским районным судом г.Астана выдан исполнительный документ от 12.04.2005г. о взысканий алиментов с Сагеева М.Х. в пользу Сагеевой Б.Б. в размере 1/3 части заработка и иного дохода. Первые два-три года он платил ежемесячно четыре тысячи тенге на двоих детей затем шесть тысяч тенге. Начиная с августа месяца 2008 года он систематически уклонялся от алиментов. Приходилось годами ждать, когда у него проснется совесть и обивать пороги кабинета администратора судов Алматинского района г.Астана. Согласно постановления об определении задолженности по алиментам от 26.01.2012 г. г.Астана общая сумма задолженности на 30.06.2011г. составила 78 382 тенге. Мы втроем живем в квартире, площадью 18 кв.м. Я прилагаю все свои усилия, чтобы вырастить и воспитать достойных граждан Республики Казахстан!!! Я очень надеюсь, что Вы не откажете в моей просьбе. 09.07.2013 С уважением Cагеева
    Жауап:
    Уважаемая Бакыт Боранбаевна! Ваше обращение о длительном неисполнении решения суда рассмотрено. Установлено, что постановлением судебного исполнителя Департамента по исполнению судебных актов (далее – ДИСА) г. Астана Альмухамбетовой А. от 28.11.2011 года исполнительный документ о взыскании с Сагеева М.Х. в Вашу пользу алиментных платежей направлен для исполнения по территориальности в ДИСА Южно-Казахстанской области (далее – ЮКО), в связи с трудоустройством должника в ТОО «Азия Связной», расположенное по адресу: г.Шымкент, ул.Таштракт, 25. При рассмотрении, ранее поступившего от Вас обращения установлено, что должник работал в указанном ТОО до марта 2012 года, после чего убыл в г. Астана, где проживал на момент рассмотрения обращения. ДИСА г. Астана 23.04.2012 года направлено письмо за №6-2-8/2996 в ДИСА ЮКО о возврате исполнительного документа, который до настоящего времени поступившим не значится. В этой связи, прокуратурой города в адрес ДИСА г. Астана поручено направить напоминание в ДИСА ЮКО о возврате исполнительного документа. Прокурор города Астана М.А. Жоргенбаев
  • Сұрақ №: 2428
    Дата: 29.05.2013 12:02:43
    Аты-жөні: Тулегенова Зухра
    Сұрақ:
    Қайырлы күн, құрметті Мұхтар Әкебайұлы! Мен, Тулегенова Зухра Зулпухаровна, Сізге өтініш білдіруімнің себебі, менімен 07.02.2013 жылы Астана қаласы Алматы аудандық ІІБ-на арыз берілген болатын. Ол арызда, менен Серикқали есімді азамат алаяқтық жолмен 415 000 теңгемді иемденіп кеткенін көрсеткенмін. Содан Алматы аудандық ІІБ-нің тергеушісі М.Минтаевпен арыз қабылданып, арыз №6713 санмен ААТК-на тіркелді. 08.02.2013 жылы алдын ала тергеу жүргізумен жоғарыда аталған тергеушімен ҚР ҚК-нің 177 бабының 1 бөлімімен №13711103101387 санды қылмыстық іс қозғалып өз өндірісіне қабылданған. Содан кейін, 08.04.2013 жылы қылмыстық іс кінәлілердің табылмауына байланысты ҚР ҚІЖК-нің 50 бабының 1 бөлімі 1 тармағына байланысты тоқтамға алынған. Алайда, менің жеткізейін дегенім Алматы аудандық ІІБ-ның тергеушісі М.Минтаевқа қылмыстық іс бойынша керекті айғақтарды (телефон бойынша жазылған таспалар) және кінәлінің Астана қаласының қай үйде тұратынын (Астана қаласы, Мустафин көшесі, 7/1 үй, 11 пәтер) көрсеткенімен ешқандай пайда жоқ. Сондықтан, Сізден сұрайтыным, жоғарыда аталған қылмыстық істің тиісті дәрежеде тергелуін, осы қылмыстық іс бойынша кінәлі тұлғаның анықталуын және заңды шешім қабылдауыңызды. Менің тұрғылықты мекен-жайым: Астана қаласы, Сембинов көшесі, 9 үй, 130 пәтер. тел.87758488017.
    Жауап күні:
    2013-06-17
    Жауап:
    З.З.Тулегеноваға Астана қаласы прокуратурасымен Сіздің алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық істің тергелуінің созбаландыққа салынып жатқандығы туралы арызыңыз қаралды. Тексеру барысында, 07.02.2013 жылы Алматы аудандық ІІБ-ның тергеушісі М.Минтаевпен ҚР ҚК-нің 177 бабының 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, 26.04.2013 жылы қылмыстық іс ҚР-ның ҚІЖК-нің 50 бабының 1 бөлігінің 1 тармағымен өндірістен тоқтатылғандығы анықталды. 04.06.2013 ж. Алматы аудандық прокуратурасымен аталған қылмыстық қудалау органының қаулысы қадағалау реттілігімен бұзылып, қылмыстық іс материалдары Алматы аудандық ІІБ-на тергеу амалдарын жүргізу үшін жолданды. Қабылданған процессуалдық шешім бойынша қылмыстық қудалау органымен хабардар боласыз. Астана қаласы прокурорының м.а. А. Байшолақов

Беттер