Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 8168
    Дата: 28.04.2014 10:24:19
    Аты-жөні: Темиров Ахмет
    Сұрақ:
    Астана қаласының прокуроры Жөргенбаев Мұхтар Әкебайұлына Темиров Ахмет Елемесовичтен Шымкент қаласы ,Қарасу м/а 69-44 8-701-314-67-10 А Р Ы З Астана қаласының прокуратурасы Астана қаласының Мемлекеттік Еңбек инспекция жөніндегі басқармасына А.Д.Жүнісовтің өндірістік жарақат алуына байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізуге 03.04.2014 жылы тапсырма жолдағананын,арнайы тергеу-тексеру жұмыстарының қортындысы бойынша маған аталған мемлекеттік мекемемен қосымша хабарланатынын прокуратура қызметкері Алмас Мырзамбетов хабарлаған еді. Мемлекеттік Еңбек инспекция жөніндегі басқармасына 13.04.2014 ж. мерзіміне дейін маған жауап беруге тиіс болатын.Осы уақытқа дейін мен арызым бойынша ешқандай жауап алғаным жоқ. Бастапқы 2013 жылы қыркүйек айынан бері берген арызым бойынша осы уақытқа дейін жауап алғаным жоқ.Сізден Астана қаласының Мемлекеттік Еңбек инспекция жөніндегі басқармасынан заңдылықтың уақытылы орындалуын талап етіп,жауапты қызметкерлерін заң талаптарына сәйкес жауапқа тартуыңызды сұраймын. А.Е.Темиров 27 сәуір 2014 жыл
    Жауап күні:
    2014-05-14
    Жауап:
    А.Е. Теміровке ------------------------ Оңтүстік Қазақстан облысы, e-mail:temirov.a.e@mail.ru Құрметті Ахмет Елемесұлы! Астана қалалық прокуратурасымен Сіздің А.Д. Жүнісовтің мүддесін қорғап Астана қаласы прокурорының блогына жазған арызыңыз қаралды. Мәлімдейміз, Сіздің осыған дейін жазған арызыңыз бойынша Астана қалалық прокуратурасымен, Астана қаласы «Еңбек инспекция басқармасы» Мемлекеттік мекемесіне «Адалика» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкері А.Д.Жүнісовпен 11.09.2013 жылы болған жазатайым оқиғаға қатысты арнайы тексеріс жүргізу жөніндегі тапсырма берілген. Инспекция тарапынан аурухана құрылысы кезінде А.Д. Жүнісовтің алған дене жарақатының дәрежесін анықтау үшін медециналық мекеме «Орталық жол ауруханасына» сұрау жіберілген. Келіп түскен жауапқа сәйкес, Жүнісов Азамат Данебайұлы «Апаттар медицинасының темір жол госпиталдары» АҚ- «Орталық жол ауруханасына» көз қуысының химиялық күйігі диагнозымен келіп түскен, алған жарақаты ауыр жарақаттар санатына жатпайды. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 324 бабының 2 тармағына сәйкес, тек ауыр немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар тергеп-тексеруге жатады. Осы негізде түсіндіреміз, Қазақстан Республикасының Азаматтық істер жүргізу Кодексінің 8 бабына (бұдан әрі- ҚРАІЖК) сәйкес әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. ҚР АІЖК-нің 24-бабының 2-тармағына сәйкес соттар азаматтық (корпоративтік дауларды қоса алғанда), отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан, оның ішінде бір тараптың екінші тарапқа билік бағыныстылығына негізделген қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді қарайды. ЖШС-мен А.Д.Жүнісовтің араларында азаматтық қатынастан туындайтын, еңбек дауы туындап отырғандықтан, ҚР АІЖК-нің 150,151 баптарына сәйкес өз еріктеріңізбен сотқа жүгіне аласыздар.
  • Сұрақ №: 7844
    Дата: 14.04.2014 10:51:42
    Аты-жөні: Сакеева Салтанат
    Сұрақ:
    Сізден менің алдын прокуратура блогына жазған №7588 сурағыма байланысты жауаптарды алғаныма және қызыммен төбелескен жасөспірімге шара қолданғанына байланысты Астана қаласы Сарыарқа ауданы ІІБ-не және полиция лейтенаты Сариев М.Б. ешқандай шара қолданбауыңызды сұраймын.
    Жауап күні:
    2014-04-18
    Жауап:
    С. Сакееваға Сіздің қала прокурорының блогына келіп түскен кәмелет жасқа толмаған қызыңызды Көлік және коммуникация колледжінде ұрып соққандығы туралы арызыңыз қаралды. Арызды қарау барысында, Сарыарқа ауданы ішкі істер басқармасы жоғарыда аталған факт бойынша алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізіп, ағымдағы жылдың 26 қаңтарында қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдағаны анықталды. Орын алған әрекет әкімшілік құқықбұзушылық құрамын құрағандықтан, ішкі істер органдарымен балаңызды соққыға жыққан құқықбұзушы Ю.Магайдың үстінен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 79-3 бабының 2 бөлімімен (денсаулықтың қысқа уақыт бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) ағымдағы жылдың 26 наурызында әкімшілік іс қозғалып, Астана қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотына жолданған. Астана қаласының прокуроры М. Жөргенбаев Орынд. Ш.Көшенова т. 71 24 33
  • Сұрақ №: 7623
    Дата: 03.04.2014 19:00:58
    Аты-жөні: Темиров Ахмет
    Сұрақ:
    Құрметті Мұқтар аға! Менің Сіздің атыңызға бүгін жазған шағымым бойынша Сіздің қызметкеріңіз А.Мырзамбетовтен жауап алдым.Менің арызым бойынша Астана қаласының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына 03.04.2014 жылы тексеру жүргізу туралы талап қойғанын білдім.Астана қаласының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына мен 11.09.2013 жылы арызданған едім.Осы уақытқа дейін ешқандай шешім қабылданбады.Сізден осы инспекцияның басшылығын жауапкершілікке тартуыңызды сұраймын.Маған,мемлекеттік қызметкерлермен, прокуратура қызметкерлері өзінің тікелей жұмысын жасауға мәжбүрлеу үшін,тек ғана Сізге тікелей шағымданып,хат жазып отыру түсініксіз болып отыр.Аға Сізге үлкен алғысымды білдіремін.Жұмысыңызға табыс тілеймін.Құрметпен Шымкент қаласынан Ахмет Темиров
    Жауап күні:
    4 сәуiр, 2014 - 12:20
    Жауап:
    Құрметті Ахмет Елемесұлы ! Сіздің Астана қаласы Мемлекеттік Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшылығын жауапқа тарту туралы сұрақтарыңыз, Астана қаласы прокуратурорының блогына келіп түсті. Сұрақты қарастыру барысында Т.Зурманов Астана қаласының Мемлекеттік Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасында қазыргі кезде қызмет етпейтіндігі және 13.01.2014 жылы жұмыс орынынан босатылғандығы анықталып осыған орай шара қолдануға мүмкіндік жоқ. Алайда Астана қаласының прокуратурасы Астана қаласының Мемлекеттік Еңбек инспекция жөніндегі басқармасына А.Д.Жүнісовтің өндірістік жарақат алуына байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізуге 03.04.2014 жылы тапсырма жолдады. Аталған тапсырма Сізге мәлімет ретінде «temirov.a.e@mail.ru» мекен жайына жіберілді. Арнайы тергеу-тексеру жұмыстарының қортындысы бойынша Сізге аталған мемлекеттік мекемемен қосымша хабарланады. Астана қаласы прокуратурасының сайт әкімшілігі
  • Сұрақ №: 7606
    Дата: 03.04.2014 10:21:42
    Аты-жөні: Темиров Ахмет
    Сұрақ:
    Астана қаласының мемлекеттікинспекциясы жөніндегі Басқармасының әрекетсіздігіне байланысты А.Жунисовтің мүддесі үшін арызданғам.Арыз бойынша орындаушы А.А.Мырзамбетов 26.02.2014 ж маған шығыс саны 2-16070-14-04488 хатымен өндірістік жарақат бойынша Астана қаласының мемлекеттік инспекциясына арнайы тексеру жүргізу туралы тапсырма берілгенін айтқан.Алайда,аталған инспекция осы уақытқа дейін Астана қаласыныңың прокуратурасынан ондай тапсырма алмағанын айтып отыр.Сонда мені кім алдап отыр?А.А. Мырзамбетов хат жібергенін айтады.Прокуратура кеңсесінен сұрасам мені А.Мырзамбетовке жұмсайды.Мырзамбетовтен осы уақытқа дейін жауап ала алмай келемін.Сізден осы жағдайға байланысты тексеру жүргізіп менің бұрын берген арызымды қадағалауға алуыңызды сұраймын.
    Жауап күні:
    4 сәуiр, 2014 - 12:20
    Жауап:
    Құрметті Ахмет Елемесұлы ! Сіздің Астана қаласы Мемлекеттік Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшылығын жауапқа тарту туралы сұрақтарыңыз, Астана қаласы прокуратурорының блогына келіп түсті. Сұрақты қарастыру барысында Т.Зурманов Астана қаласының Мемлекеттік Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасында қазыргі кезде қызмет етпейтіндігі және 13.01.2014 жылы жұмыс орынынан босатылғандығы анықталып осыған орай шара қолдануға мүмкіндік жоқ. Алайда Астана қаласының прокуратурасы Астана қаласының Мемлекеттік Еңбек инспекция жөніндегі басқармасына А.Д.Жүнісовтің өндірістік жарақат алуына байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізуге 03.04.2014 жылы тапсырма жолдады. Аталған тапсырма Сізге мәлімет ретінде «temirov.a.e@mail.ru» мекен жайына жіберілді. Арнайы тергеу-тексеру жұмыстарының қортындысы бойынша Сізге аталған мемлекеттік мекемемен қосымша хабарланады. Астана қаласы прокуратурасының сайт әкімшілігі
  • Сұрақ №: 7588
    Дата: 02.04.2014 17:24:01
    Аты-жөні: Сакеева Салтанат
    Сұрақ:
    Мухтар Акебаевич қарашаның сонында Көлік және коммуникация колледжінде оқитын кәмілетке толмаған қызымды киім тапсыратын жерде кешкі мектепте оқитын кәмілеттік жастағы 1 қыз ұрып соғып кеткен. Сол күні Сарыарқа ІІБ өтініш жазғанбыз. Үшінші күн дегенде ғана ол қызды тауып, Салихов Марат деген инспектор хабарласып өтінішті сол қыздың атына жазғызып алды да, менен хабар күтіңіз деді. Кеше өзім істейтін мекемедегі инспектордан прокуратураға шағымданамын деген сәлемдеме жолдағанмын. Бүгін телефонға хабарласып, ертен сотқа келіңіз деп айтты. Осындай жұмыстар қанша уақытта шешілуі керек екендігін білгім келіп тұр. 4 ай өтті.
    Жауап күні:
    2014-04-17

Беттер