Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 47191
    Дата: 02.11.2018 18:06:22
    Аты-жөні: Утеева Гаухар
    Сұрақ:
    Здравствуйте! Хотела пожаловаться на Департамент Юстиции г.Астаны! Меня зовут Гаухар Нуржановна 1986 года рождения ! С 2010 года разведена с Корганбековым Ерден Саттыбековичем, есть Исполнительный лист о которых мне должны были мне платиться в размере ¼ части от заработной платы по решению суда алименты, Но мне с 2010 года не платиться алименты регулярно! По сегодняшний день долг должника свыше 2 миллиона тенге! Суть моей жалобы в том что Судебные Исполнители не работают надлежащим образом, до этого Судебные Исполнители ТЕРЯЛИ мой Исполнительный Лист, о том как ОШИБОЧНОЕ ПОСТАНОВЛЕНИЕ Судебных Исполнителей якобы Взыскатель ОТКАЗАЛСЯ ОТ ВЗЫСКАНИЯ, о том как у Должника задолженность свыше миллиона но судебные исполнители СНИМАЮТ С АРЕСТА МАШИНУ ДОЛЖНИКА чтобы он продал эту МАШИНУ, о том как игнорируют мои звонки и сообщения, о том как БЕЗ МЕНЯ РЕШАЮТ ЗА МЕНЯ, ПЕРЕДАТЬ ИСПОЛНИТЕЛЬНОЕ ДЕЛО -не уведомляя меня, не спросив согласна ли Я ,что мое Дело вели ЧАСТНЫЕ СУДЕБНЫЕ ИСПОЛНИТЕЛИ! Я против мое Исполнительное Производством занимались ЧАСТНЫЕ СУДЕБНЫЕ ИСПОЛНИТЕЛИ, и при этом знаю что Судебные исполнители должны были учитовать МОЁ МНЕНИЕ! Но они никогда это не делали! А долг Должника свыше 2 миллиона тенге, и все больше растет и растет! Пожалуйста Примите МЕРЫ! С уважением Гаухар Нуржановна!
    Жауап күні:
    4 желтоқсан, 2018 - 21:06
    Жауап:
    Уважаемая Гаухар Нуржановна! Ваш вопрос относительно неисполнения судебного акта о взыскании алиментов с Корганбекова Е.С. прокуратурой города Астаны рассмотрен. В ходе проведения исполнительских действий государственным судебным исполнителем Бекишевой С.О. установлено, что за должником какого-либо имущества не зарегистрировано на которое можно было обратить взыскание. Согласно заключенному Меморандуму между Департаментом юстиции и Региональной палатой частных судебных исполнителей города Астаны от 19.06.2018 года в целях эффективности взыскания алиментов вышеуказанный исполнительный документ для дальнейшего принудительного исполнения 17.10.2018 года передан частному судебному исполнителю Джусупову М.Ж. Частным судебным исполнителем на основании пп.7 п.1 ст.48 Закона «Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей» (далее-Закон) 09.11.2018 года вынесено постановление о возвращении исполнительного документа в связи с тем, что должник проживает в Карагандинской области (район Бухар-Жырау, ул. Садовая, дом 6). В этой связи разъясняю, что Вы согласно п.2 ст.48 Закона вправе повторно предъявить исполнительный документ на принудительное исполнение в пределах установленного законом срока давности исполнения (в Департамент юстиции Карагандинской области либо частному судебному исполнителю зарегистрированного на данной территории). Вместе с тем сообщаю, что прокуратурой города Департаменту полиции города Астаны направлено поручение о необходимости принятия процессуального решения по факту отчуждения Корганбековым Е.С. автотранспортного средства. О результатах рассмотрения поручения и принятых мерах Вам в дальнейшем необходимо обращаться в Департамент полиции города Астаны.
  • Сұрақ №: 44675
    Дата: 17.07.2018 15:53:31
    Аты-жөні: Темирбаева Каламкас
    Сұрақ:
    Құрметті Астана қ. Сарыарқы ауд. прокуратурасының басшылығы! Мен 2018 ж. 11 шілдеде шара қолданылмай жатқан іс бойынша Сіздің органға арыз жолдаған едім. Осы орайда Бөлім прокуроры Бейбіт Әбдіқадырға өте жылдам әрі нақты жауап бергені үшін алғыс білдіремін. Еңбектеріңіз үнемі жемісті болсын!
    Жауап күні:
    31 шілде, 2018 - 15:15
    Жауап:
    К. Темирбаеваға ---------------------------------------- Бас Прокурордың Блогы Сіздің Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Б. Әбдіқадырға жолдаған алғыс хатыңыз, жеке іске тіркеу үшін Астана қаласының прокуратурасына жолданғанын хабарлаймын. Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокурорының м.а. А. Бегалин орынд. Смағұлова Ж.Б. тел. 71-21-97
  • Сұрақ №: 44269
    Дата: 02.07.2018 19:08:31
    Аты-жөні: Джаркимбеков Олжас
    Сұрақ:
    Ассалаумағалайкум!Мен бір кісіге 500000 теңге қарыз бердім. Нотариус арқылы автокөлік кепілге( договор залога автотранспорта) алдым. Уақыты өтіп кетті. Ол кісінің телефоны өшірулі іс түссіз жоқ болып кетті. Автокөлік банктың меншігі екен. Алаяқтық фактісі(факт мошенничества) бойынша қай органга шағым жасауға болады? Не кеңес бересіздер? Рахмет
    Жауап күні:
    30 шілде, 2018 - 16:42
    Жауап:
    Құрметті Олжас Полатович! Сіздің алаяқтық құқық бұзушылық фактісі туралы шағымымен қайда жүгінуге болатындығы туралы жазған арызыңыз Астана қаласы Алматы ауданының прокуратурасымен қаралды. Сізге қатысты жасалған құқық бұзушылық фактісі бойынша аумақтық Ішкі істер Басқармасына барып, арыздануға қажет екендігін хабарлаймын. Аудан прокуроры Е.Марат . Д.Турдалин .712159
  • Сұрақ №: 43948
    Дата: 22.06.2018 10:57:16
    Аты-жөні: Балгожин Рустем
    Сұрақ:
    Құрметті Дамир Меделбаевич! Менің аты жөнім Балгожин Рүстем Ғалымұлы. Мен Ақмола облысы, Қорғалжын аудынында дүниеге келдім және сол жерде туып өстім. Мен астан қаласында жоғары білім алып, қазіргі таңда Астана қаласынын шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорындардың бірінде еңбек етіп келемін (мемлекеттік қызметкер емеспін). Мал шаруашылығы, онын ішінде бие сауып қымыз дайындау, сиыр сауып май шайқау, атадан балаға мұра болып келе жатқан кәсібіміз. Ендігі кезекте осы кәсібімізді Заңды тұлға ретінде тіркеп, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік сатып алуға қатысып кәсібімді одан әрі дамытқым келеді. Осығын байланысты Сіден мемлекеттік елтаңба бейнеленген бланкіде менің шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорнында жұмыс істей отырып, кәсіпкер болып тіркеліп, отбасымызбен осы атадан балаға мұра болып келе жатқан кәсібімізбен айналысуға рұқсат етілгені жөнінде түсіндірме беруіңізді сұраймын. Жауапты келесі мекен жайға жолдауыңызды сұраймын: Астана қаласы, 38 көше, 34/3 уй, 109 пәтер, телефон: 8701 426 95 31
    Жауап күні:
    10 тамыз, 2018 - 15:21
    Жауап:
    Құрметті Рустем Галымович! Аудан прокуратурасымен Сіздің мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін тұлғаларға кәсіпкерлікпен айналысуға қойылған шектеулер жөнінде түсіндірме беру туралы арызыңыз қаралды. Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Заңының 32 бабына сәйкес прокурорға заңды түсіндіру құқығы берілген. Дегенмен, мұндай заңды түсіндіру қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында немесе дайындалып жатқан құқыққа қайшы іс-әрекеттер туралы мәліметтер болған кезде, жеке және заңды тұлғалардың өкілдеріне заңдылықты бұзушылықтарға жол бермеу туралы және заңда белгіленген жауаптылық туралы жазбаша және (немесе) ауызша нысанда түсіндіруді қамтиды. Бұл тұрғыда заң нормаларына ресми түсіндірме беру прокуратура органдарының құзырына жатпайды. Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 60 бабының 4 тармақшасында мемлекеттік саясатты жүргізетін, белгілі бір салада (қызмет аясында) реттеу мен басқаруды жүзеге асыратын немесе тиісті мәселелерді шешу өз құзыретіне жатқызылған мемлекеттік органдар не өзге де мемлекеттік органдар өздеріне берілген өкілеттіктерге сәйкес нақты субъектілерге қатысты немесе нақты жағдайға қолдануға қатысты нормативтік құқықтық актілерге өз құзыреті шегінде түсiндiрме бере алатындығы көрсетілген. Осыған орай, арызда көрсетілген уәждеріңіз бойынша Сізге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жүгінген орынды болады деп есептейміз.
  • Сұрақ №: 43752
    Дата: 16.06.2018 12:22:24
    Аты-жөні: Жетписбаев Қонысбек
    Сұрақ:
    Прокурор мырза! мен осыдан 3 айдай бұрын 115KZ порталы арқылы жеке сот орындаушы Жансейтов Мараттың әрекетсіздігінешағым жазған едім. Шағым 1971000159196364 болып тіркелген. Алайда, осы күнге дейін нақты жауапты көрмей отырмын
    Жауап күні:
    18 шілде, 2018 - 11:10
    Жауап:
    Қала прокуратурасымен Сіздің жеке сот орындаушысы М.Жансеитовтың әрекетсіздігіне жазған шағымыңыз қаралды. Бұдан бұрын 115KZ порталына жазған шағымыңыз қала прокуратурасымен 18 қазан 2018 жылы №2-16280-17-22126 хатымен Астана қаласы әділет департаментіне жолданған болатын. 14 қараша 2017 жылы №11-01-07/ЖТ-Ж-12380 хатымен Әділет департаменті басшысының орынбасары Н. Арингазиновтың қолымен Сізге жауап берілген. Жауапқа сәйкес, жеке сот орындаушысы М. Жансетовқа атқарушылық іс жүргізу бойынша жол берілген заң бұзушылықтары үшін тәртіптік өндірісі қозғалған. Астана қаласы бойынша жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасы басшысы Ж. Маусымбековтың 27 қараша 2017 жылғы №Д-01-06 бұйрығымен М.Жансеитов есекерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңның (бұдан әрі - Заң) 48 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, егер борышкердің өндіріп алу қолданылуы мүмкін мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары немесе табыстары болмаса және сот орындаушысы оның мүлкін немесе табыстарын анықтау жөнінде қолданған, заңда көзделген барлық шаралар нәтиже бермесе атқарушылық құжат сот орындаушысының қаулысы бойынша өндіріп алушыға қайтарылады. Осы негіздермен сот орындаушының 30 наурыз 2018 жылғы қаулысымен Сізге қайтарылған. Алайда, аталған баптың 2 тармағына сәйкес, атқарушылық құжатты өндiрiп алушыға қайтару заңда белгiленген атқарудың ескіру мерзiмi шегiнде осы құжатты орындауға қайталап ұсынуға кедергi болып табылмайды. Осыған орай, «АДСК» ЖШС-гі және К.У. Турмухамбетовадан 229 392 теңге өндіру үшін атқару құжатын қайтадан жеке сот орындаушыларға ұсына алатындығыңызды түсіндіремін.

Беттер