Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 52131
    Дата: 13.07.2020 15:23:01
    Аты-жөні: Есмаханова Аида
    Сұрақ:
    Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры Б.Қ.Мырзакеровке Қызылорда қаласының тұрғындары Есмаханова Аида Фазылбекқызынан Ұзақбаев Ғабит Насыроллаұлынан, ұялы байланыс 87054320098, 8778 382 44 37 Арыз Құрметті Бауыржан Қыпшақұлы, біз Сіздің атыңызға бұған дейін де шағымданып (№50666) арыз жаздық. Бірақ Сіздер оның тұрақты мекенжайы Ақтау қаласына ауысуына байланысты құжаттары да сонда жіберілді деген сипатта жауап бердіңіздер. Мәселе – Алаяқтық ісі бойынша. 2019 жылдың сәуір (апрель) айында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Абдукаймов Алжан Хайрбекович (1991 жылдың 20 тамызында туған, тұрғылықты мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы,188 көшесі,10 үй, 115 пәтер) үй алып беремін деп ақшамызды алды. Келісілген бір ай уақытта пәтер мәселесін шеше алмады. Кейіннен жақын уақытта ақшамызды қайтарып беруге уәде беріп, соңында ақшамызды бермей қойды. Ақшаны қайтармаудың түрлі амалдарына барып, ҚР Президенті Әкімшілігіндегі өте беделді адаммен жолықтырамын, барлық мәселеңді шешіп беремін деп уәде етті. Бірақ әлі күнге дейін оның бізге берешек ақшасы бар. Алдау, арбау, алаяқтық ісі Нұр-Сұлтан қаласында орын алды. Сол себепті оның үстінен қылмыстық іс қозғауға ықпал етуіңізді сұраймыз. Құрметті Бауыржан Қыпшақұлы, Сізден сұрайтынымыз бұл істі Үкімнің орындалуын қадағалау басқармасына емес, Қылмыстық қудалау басқармасына беруіңізді сұраймыз. Орын алған жағдайға байланысты Қылмыстық қудалау басқармасы қылмыстық іс қозғап тиісті шара көруін сұраймыз. Бұған дейін жазған (№50666) арызымызды көтерсеңіз, сол жерде барлығы толық көрсетілген. Құрметті Бауыржан Қыпшақұлы, Сізге өтініш арызымызды жауапсыз қалдырмаңызшы. А.Есмаханова Ғ.Ұзақбаев (Арыз 1 парақта, өз қолымызбен жазылды, Microsoft World, Arial, 14 шрифт)
    Жауап күні:
    30 июля, 2020 - 15:03
    Жауап:
    Құрметті Аида Фазылбекқызы! Сіздің алаяқтық фактісі бойынша А.Х. Абдукаймовты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы өтінішіңіз қаралды. Жоғарыда көрсетілген өтініш 29.07.2020 жылы №207100010000107 қала прокуратурасының АЕК-де тіркелген, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Полиция департаментіне жолданды. Қабылданған шешім туралы Сізге көрсетілген қылмыстық қудалау органы хабарлайды.
  • Сұрақ №: 51679
    Дата: 05.05.2020 17:03:52
    Аты-жөні: Тәжіханова Айгерім
    Сұрақ:
    Сәлеметсізбе!Мен Айгерім Тәжіханова Нұр – Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі 29/1 мекен – жайында орналасқан жеке сот орындаушысы Омышев Еркебұланға арызданайын деген едім.2019 жылғы 8 ақпанынан бастап мен және заңды некедегі күйеуім бөлек тұрамыз.2019 жылдың 1 наурызында мен Шымкент қ.,Абай аудандық сотына неке бұзу жөнінде арыз жазған болатынмын.2019 жылдың 4-ші шілде күні Абай аудандық сотының судьясы М.Тиметовке 2019 жылдың 27 наурызындағы № 5210-19-00-2/1621 сот бұйрығын Нұр – Сұлтан қаласының жеке сот орындаушылар палатасына жіберуін сұраған болатынмын. Себебі жауапкер сол қалада тұрады.Екеуміздің заңды некеде туылған 15.08.2013ж. Сәкен Гүлден Жанатқызы және 04.06.2015ж. Сәкен Данияр Жанатұлы балаларымыз бар.Менің арызымды Нұр – Сұлтан қаласындағы жеке сот орындаушысы Омышев Еркебұланға 07 тамыз 2019ж. түскен. Осы мерзім аралығында жауапкерден бір рет те алимент өндірілген жоқ. Сондай-ақ, Еркебұлан Омышев өзінің аты-жөнін маған дұрыс көрсетпеді. Ол кісі өзін Момышев Бауыржан деп таныстырды.2020 жылғы 16 наурызда ол кісі маған 2019 жылдың тамыз айы мен 2020 жылдың наурыз айы бойынша есептеген постановлениесін жіберді.2020 жылғы 17 наурызда мен 2019 жылдың ақпан айы мен 2019 жылдың тамыз айы бойынша да есептеу үшін өтініш жазған болатынмын.Ол өтінішті қабылдады ма білмеймін.2020 жылдың 14 наурызы күні хабарласқанымда 20 наурыздан кейін өндіріп беремін деген.Енді телефонына хабарлассам мүлде жауап бермейді. Мен сіздерден балаларымның алиментін өндіріп берулеріңізді сұраймын.
    Жауап күні:
    13 мая, 2020 - 12:35
    Жауап:
    Құрметті Айгерім Әздерқызы! Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасымен Сіздің жеке сот орындаушысы Е.Омышевтың әрекеттеріне қатысты арызыңыз қаралды. Өтінішіңізде көрсетілген уәждерге сәйкес, Сізге Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментіне арыздану қажет. «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабына сәйкес лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағымды қарау жоғары тұрған мемлекеттік органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) не сотқа беріледі. Осыған байланысты, уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда, Сіз ол бойынша прокуратураға немесе жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды тұлғаға) не сотқа шағымдануға құқылысыз.
  • Сұрақ №: 51678
    Дата: 05.05.2020 16:42:31

    13 мая, 2020 - 12:30

  • Сұрақ №: 51671
    Дата: 04.05.2020 10:03:17
    Аты-жөні: Аулбаев Талғат
    Сұрақ:
    Ассалаумағалейкүм, мен Сарыарқа даңғылы 31/2 үй,89пәтерде тұрамын."Астана су-арнасы" МКК мекемесімен 15.01.2012 жылы шартты түрде келісімдеміз(12.01.2012ж пәтерді сатып алу шартына негізделген) ,алайда МКК-ы сумен жабдықтау қызметтерін ұсынғаны үшін төлемді 2009жылдан бері есепке алған (ақыл ойға сүйенсек, бұл төлем үйді салған" Бахус-Астана" құрылыс компаниясына ұсынылуы тиіс еді)Қазіргі уақытта қарыз да,үстем ақы да өсуде, 40 000тенгеден асып жығылды. МКК-ның электрондық поштасына хатта жібердім ,жауап бермеді,негіссіз қарызды мойныма ілмекші,оған дәлел ретінде 22.09.2017ж. соттың ұйғарымы бар(13.09.2017ж. сот бұйрығының күшін жою туралы) .Осы тығырықтан шығудың заңды жолын сұраймын.
    Жауап күні:
    13 мая, 2020 - 12:38
    Жауап:
    Құрметті Талғат Ғазизұлы! Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасымен Сіздің «Астана су арнасы» МКК мекемесінің әрекеттеріне қатысты арызыңыз қаралды. «Прокуратура туралы» Заңның 21-бабы 1-тармағына сәйкес прокуратура органдары өтініштерді орны толмас зардаптар (адамдардың өміріне, денсаулығына және еліміздің қауіпсіздігіне), сондай-ақ шектелмеген адамдар қатарының немесе өзін дербес қорғай алмайтын (физикалық, психикалық және өзге жағдайлар) адамдардың құқықтарының бұзылуы жағдайларында қарайтынын хабарлайды. Бұл ретте, прокурорлар өтініштердің көрсетілген санатын мынадай: құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметінде заңдылықтың бұзылған немесе олардың орын алу қаупі болған; құзыретіне өтінішті қарау кіретін уәкілетті мемлекеттік органның не оның лауазымды тұлғасының қызметінде мүдделер қақтығысы болған; уәкілетті мемлекеттік органның не оның лауазымды тұлғасының шешіміне және іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) келіп түскен шағым болған жағдайларда ғана қарайды. Сіздің өтінішіңіз жоғарыда көрсетілген критерийлерге сәйкес келмейді, сондай-ақ Заңның көрсетілген талаптарын ескере отырып, Сізге Нұр-Сұлтан қаласының Әкімдігіне арыздану қажет. «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабына сәйкес лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағымды қарау жоғары тұрған мемлекеттік органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) не сотқа беріледі. Осыған байланысты, уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда, Сіз ол бойынша жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды тұлғаға) не сотқа шағымдануға құқылысыз.
  • Сұрақ №: 50934
    Дата: 10.12.2019 13:28:43
    Аты-жөні: Джолдасов Даулет
    Сұрақ:
    Ассаламуағалейкум! Мен Джолдасов Даулет Тулегенович туыл. жыл 03.11.1981 Қаратау қаласы Құдайбергенов көшесі 21/1 үй тұрғыны. Маған 2017 жылы Талас аудандық сотынан неке бұзу туралы арыз түсті, талап қоюшы әйелім Қайрашева Перизат Дильдабековнадан. Ол кезде арада 3 балам бар еді. Ол неке бұзудан мен бас тартып, сот отбасы сақтап қалу мақсатында медияциамен бізді қосты. Одан бері арада қазір 5 бала шағам бар. 17.06.2019 ж. Неке бұзу туралы әйелімнен тағы арыз түсті. Осы уақытқа дейін бала шағамен бірге тұрып асырап келдім. Алайда маған 02.09.2019ж Қаратау қаласы. жеке сот орындаушысынан Махашев Мадияр Койшибаевич лицензия %1206 дан Постановление о задолженности по алиментам 3000000 деп шақыртып 600000теңге менен сұрап бопсалады. Мен бұл алимент жайлы осы уақытқа дейін ешкім ескертпеді, мен білгенім жоқ. 600000теңге бермеген жағдайда саған тиісті бәрін арестке қоямын деп қорқыт ты. Жағдайым келмегендіктен қазір менде кредитке алған көлігім аресте тұр. 12.08.2019ж неке бұзу туралы сот шешімі заңды күшіне енді. Менің жұмыс орнына айлықтың 1/2бөлігін ұстау Постановлениені 03.09.2019ж асықпастан жіберді. Жеке сот орындаушысы менің мекен жайымды, жұмыс орнымды біле тұра ескерусіз заңға қайшы емес пе? Баспанамды, көліктің1/2 беремін, оған келіспеді әйелім, бәрін алмақшы оған қоса 3000000 менен өндірмекші. Оған менің физикалық материалдық тұрғыда жағдайым келмейді.
    Жауап күні:
    13 декабря, 2019 - 10:43
    Жауап:
    Құрметті Даулет Тулегенович! Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасымен Сіздің Қаратау қаласының жеке сот орындаушысы М.К. Махашевтың әрекеттеріне қатысты арызыңыз қаралды. Сіздің өтінішіңізде көрсетілген уәждерге сәйкес, жеке сот орындаушы Жамбыл облысы Қаратау қаласында жұмыс атқарады, сондықтан Сізге Жамбыл облысының Әділет департаментіне немесе Жамбыл облысының прокуратурасына арыздану қажет. «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабына сәйкес лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағымды қарау жоғары тұрған мемлекеттік органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) не сотқа беріледі. Осыған байланысты, уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда, Сіз ол бойынша жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды тұлғаға) не сотқа шағымдануға құқылысыз.

Беттер