«Байқоңыр» ауданы прокуратурасының қызметкері философия докторы дәрежесін алды

28 February 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Байқоңыр» ауданы прокуратурасының қызметкері философия докторы дәрежесін алды  - 1411423833

Ағымдағы жылдың 21 ақпанында Қазақстан Республикасы Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында ректор Е.С. Мерзадинов салтанатты түрде философия докторы дипломын (PhD)  «Байқоңыр» ауданы прокуратурасының бөлім аға прокуроры Алия Бақытжанқызы Қыстаубаеваға табыс етті.

А. Қыстаубаева ҚР БП академиясының диссертациялық кеңесінде қорғаған алғашқы философия докторы (PhD) болып табылады. Диссертация тақырыбы - «пробация институты: Қазақстан Республикасындағы қазіргі жағдайы және даму болашағы» құқық ғылымында, сондай-ақ құқық қолдану саласындағы өзекті тақырыптардың бірі. Пробация мәселелері Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының алқаларында бірнеше рет талқыланды.

Докторанттың диссертациялық зерттеуі Қазақстан Республикасының жетекші құқықтанушы ғылымдарынан рецензия алды.

Қала прокуратурасының ұжымы Алия Қыстаубаеваны Диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтап, оған ғылыми және кәсіби қызметінде табыс тіледі.