Жылжымайтын мүлікке қатысты алаятықтан абай болыңыздар!

28 March 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Соңғы уақытта Астана қаласының прокуратурасына азаматтардан жылжымайтын мүлікке қатысты  алаяқтық әрекеттерге шағымдану жиілей түсті.

Азаматтар жеке меншік үй алу үшін өзінің қырағылығын жоғалтып әдетте алаяқтардың алдауына түсіп қалады.

Осындай бір факті бойынша қалалық прокуратураның нұсқауымен қылмыстық іс тергелді.

Мәселен, азаматша Ж мемлекеттік бағдарлама бойынша үш бөлмелі пәтер алуға көмектесуді ұсынған алаяқтар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ атынан депозиттік шот ашу туралы жалған хабарламаны берген және 830 мың теңге көлемінде ақшаға ие болған.

Аталған үлгі бойынша 2018 жылдың тамызында ұсталғанға дейін, қылмыскерлер жүзден астам азаматтарды алдап соққан.

Апелляциялық саты өзгеріссіз қалдырылған сот үкімі екі қылмыскерді 4 және 7 жылға бас бостандығынан айыруға соттады.

Астаналық прокуратураға және қудалау органдарына азаматтардың жаңадан түсіп жатқан шағымдары бойынша, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жаңадан ашылған мән-жайлармен жаңартылды.

Осыған байланысты Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды жылжымайтын мүлікті сатып алуға байланысты үшінші тұлғалармен шектелмейтін күмәнді мәмілелерден аулақ болуға және тек банктің қызметкерлерінең тікелей несиені тіркеу мәселелері бойынша консультация алуды сұрайды.

Сонымен қатар алаяқтық (Қылмыстық кодекстің 190-бабы) жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік тартылып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылатыны және мүлкі тәркіленетіні туралы ескертеміз.

Астана қаласының прокуратурасы

 

 

Comments

Add new comment