Елордалық Үлескерлерді қолдау орталығының қызметі туралы

20 December 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астана прокуратурасының бастамасы бойынша 2017 жылдың тамызынан бастап Астанада «бір терезе» қағидаты бойынша Үлескерлерді қолдау орталығы өз қызметін ашты.

Орталықта құрылыс компаниясы, құрылыс қарқыны, аталған саладағы қылмыстық істерді тергеп-тексеру барысы туралы ақпарат алумен қатар, өтінішпен жүгіне алады.

Онда прокуратура, әкімдік қызметкерлері, медиатор және басқа да уәкілетті органдардың өкілдері білікті көмек көрсетеді.

Орталық жұмыс істеген уақыт аралығында 700 адам құқықтық көмек алды.     

Орталықтың күшімен азаматтарға «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңда айқындалған үлескерлердің қаражаттарын тарту тетіктері түсіндірілуде.

Құрылыс компаниялары үшін міндетті шарт – Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры кепілдігінің болуы екенін еске саламыз.

Екінші қажетті талап – екінші деңгейдегі банктің қатысуы.

Үшінші – әкімдіктің тұрғын үй ғимаратының қаңқасын тұрғызуға рұқсат беруі.  Барлық жағдайда үлестік қатысу шарты жасалып, ол әкімдікте тіркеледі.

Басқа құқықтық нысанда шарттар жасасу заңсыз болып табылады.

Мұндай бұзушылықтар үшін ӘҚБтК-нің 320-бабы бойынша  (тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнама талаптарын бұзу) әкімшілік жауаптылық көзделген.

Ағымдағы жылдың басынан бері бұл бап бойынша 15 құрылысшы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Мысалы, BI-Group сайтын мониторингілеу барысында цессия шарттары бойынша пәтерлерді («Мәңгілік», «Крокус Сити», «Дрим Сити», «Камал» және «Bi-City Seoul» ТК-де) сату фактілері анықталды.

Астана қаласының прокуратурасы қозғаған істер бойынша қаланың Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулыларымен құрылысшылардың («Premier Palace», «Kaz Industrial group», «Town House», «Город Счастья», «Алтын Дала Астана» ЖШС) әрқайсысы 300 АЕК (721 500 тг.) мөлшеріндегі айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

«Kaz Industrial group» және «Premier Palace» ЖШС-рі сот қаулыларымен келіспей, жоғары тұрған сотқа шағым берді, алайда Астана қаласы сотының апелляциялық сатысы жоғарыдағы қаулыларды өзгеріссіз қалдырды.

Осыған байланысты, үлестік құрылыс саласында туындайтын барлық мәселелер бойынша Үлескерлерді қолдау орталығына жүгінуді ұсынамыз.

Ол 409 көшесі, 13-үй, 1-қабат, ХҚКО ғимараты мекенжайында орналасқан және тұрғындар үшін дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 9-дан 12-ге дейін ашық.

Астана каласының прокуратурасы

 

Comments

Add new comment